АЯЛДАМА
- mazhitova-onash
- 13 мар. 2016 г.
- 2 мин. чтения
Басы
Асылзат аялдамаға жақындады.Кеш түсіп,айнала қараңғылық басып,көше шамдары жанған.Күткен автобусы келіп болмай,біраз тұрып қалды. Ол іштей мазасыздана бастады.Тағы да күте тұрайын дегендей аялдама орындығына қайта отырды.Өзі мінбейтін автобустар бірінен-соң бірі келіп,адамдар мініп-түсіп,абыр-сабыр."Жоқ болмас,такси ұстайын"-деп Асылзат орнынан тұрды.Сәл жүріп,келе жатқан көліктің біріне қолын көтере салды.Үшінші көлік, таудай джип қыздың қасына тоқтай қалды.
-Есенсіз бе?Мені Мөлтек ауданға жеткізіп садласыз ба?
-Отырыңыз!
-Қанша сұрайсыз?
-Отырыңыз!
-Келісеміз ғой.
Асылзат таксидің артқы орындығына отырды.Такси деген аты болмаса тоқтаған көлік қымбат еді.Салоны былғары теріден,мұнтаздай таза.Әдемі әуен ойнап тұр.
-Қарындас,оқисыз ба?
-Жоқ,Жұмыс жасаймын.
Терезеге қадалған Асылзат басын жүргізушіге қарай бұрды.
-Жақсы екен.
-Несі жақсы?-деп қыз мырс етті.
-Еңбек еткеніңіз,-деп таксист жігіт айнадан күлімдеді.
-Жақсы болсын,жаман болсын,жұмыс керек қой,-деп Асылзат қайта терезеге қарады.
- Сіз таксист емессіз ғой.Солай ма?-деп бір қарады.
-Жоқ,сізді жеткізіп салайын дегенім ғой.Түн болып қалды.
-Рахмет,иә,автобус жоқ.Көп күттім.Сәл үнсіздіктен кейін таксист жігіт темекісін шығарды.
-Қарсы емессіз бе?-деп қызға қарады.Асылзат басын шұлғыды.Асылзат өзі темекі шекпесе де исін жақсы көретін.Өйткені бұл ис әкесін есіне салатын.Әкесі де темекіні паравозша бұрқырататын.Қайран,әкем-ай,сен кеткелі де бес жылдан асыпты ғой.Асылзат көлік терезесінің ар жағындағы жылтыраған шамдар мен тізбектелген ғимараттарға қарап отырғанымен,көңіл көзі басқа жақта еді.Әкемен өткен өмірін көз алдына әкеліп,сол күндерге ойша оралған еді.
Ой жетегінде отырған қызды,жүргізуші жігіт сөзге тартты.
-Отырған жеріңіз жұмыс па?
-Иә,жұмыстан шыққанмын.
-Кештеу шықтыңыз ғой.
-Мен күнде осы..Жұмыс көп.Үлгере алмаймын.Сосын отырамын.Қайта бүгін ерте шыққаным.
-Иә,жұмыс болғасын сол ғой.Менің бастығым айтпақшы:"Не істе өлтіріп,не істемей орныңды босат."
-Бастығыңыз қатал екен.
-Иә...
Асылзат терезден басын жүргізуші жігітке бұрды.Жігіт айнадан қызға жалтақтап қарай берді.Асылзат болса іштей "жолға қара,жігітім!"-деп қойды.
-Құпия болмаса ,қай жерде істейсіз?-деген сұрағына қыз біраз бөгеліп:
-Жаңағы аялдамада-деп күлімдеді.
-Ол қалай?-деп таңырқаған жігітке күлімдеді.
Үйінің маңына жақындағанда,Асылзат тоқтатуын өтінді.
-Рахмет,сау болыңыз!-деп көліктен түсті.
Үйге шаршап кірген Асылзатты,қаңыраған бос үй күтіп тұратын."Осы жалғыздықтан қашан құтылар екенмін"-деп күбірлеген ол ас үйдің шамын жақты.Пісіп тұрған астың жоқтығы оның тәбетін басып тастағандай,Тоңазытқыш есігін ашып,сәл қарап тұрды да, жаба салды.Баяғы бутерброт жасамақшы еді.Одан да айныды.Дәлізге шығып,көршісінің есігін қақты.
-Света тәте,мен ғой,Асылзат!
-Аа,кірсейші,Асыл,шәй ішеміз қазір,кел.
-Ал мен сізге біздікіне шақыра келіп едім.Бірге шәй ішейік деп.
-Иә,кейін ішерміз.Төрлет.Жұмыстан келдің бе?
-Иә...
Көрші апа Асылзатқа қызындай қарайтын.Олар ұзақ отырып,шәй ішті.Үйдегі отағасы да жайлы жан еді.Қолынан газет түспейтін.
-Асыл ау,жұмыс,жұмыс деп,жеке өміріңе мән бермей кеткен жоқсын ба? Шіркін, қыз болып,үйге бір жігіт те де әкелмедің -ау.Жастар деген жын-ойнақ жасап тұруы керек қой,арасында.Асылзат күлді.
-Тәте,соған менде күш те,уақытта жоқ қой.Жасым болса,27 ге келді.Әлі күйеуді былай қойғанда,жігіт те жоқ қой.
-Олай,болмайды.Өзім іздеймін саған жігітті-деп Света тәте қабағын түйді.
Пәтеріне оралып,Асылзат төсекке құлай кетті.Қалғып кеткен екен.Шошып оянды.Түсінде пәтерінің есігі бұзылып,ашылмай қиналып жатыр екен.Жұмыстан қалдым ғой деп ойлайды.
Comments