МАТЬ ТЕРЕЗА
- mazhitova-onash
- 6 мар. 2016 г.
- 1 мин. чтения
Осы Мать Тереза енемнен ауса не дейсің... "Одно лицо"ғой .Енем де Тереза құсап елді жарылкағанды жақсы көретін.Қолында болса бөліп беретін.Қолының емі де бар еді.Сылап-сипап жазып жіберетін.Мұндай ұсастық сирек болар.Таңғалып отырғаным, суретін көріп.Өткен күндер де еске сарт етті.Мен келін боп түскенде енем 70- гі кемпір еді.Менің жолдасым 12 ші бала, кенжесі болатын.Жылына бір рет енем падружклерін шақыратын.Мен дастархан жайып, бар таті жұмсақтарымды қойып жатсам енем "..арагын бар ма, кемпірлеріме -"дейтін.Мен азер жүрген кемпірлер де арақ ишеме деп ,таң қалатынмын.Үйлеріне жете алмайды ғой, десем, "аркалап апарып тастайсыңдар, казір барі мас болады "-деп, сақ-сақ күліп, мені шошытатын.Мен ужас қой ,-деп бетімді басатынмын.Содан не басыңды ауыртайын, әлгі падружклері арасында бир -екі друктары бар келетін.Подругалары көп болатын.Шетинен "красавчиктер "еди.Аксаң-токсаңдап, шалқайып-еңкейіп , сүйретіліп келе жататын.Үйіміз үй емес , гүл базарына айналатын.Көйлектің қызыл-аласы керек пе, көк аласы керек пе, гүлдің сорт-сортымен солардың үстінде ғой.Ол гулзарға гүлді көйлегін киіп енем де қосылганда, бірінен бірін айыру қиын болатын.Қаз- қатар болып отыра қалып, келіндерін жамандайтын еді, жарықтықтар...Мен де кіріп шығып ,мені де енем жамандап жатқан жоқ па екен деп, кұлагымды түріп жүретін едім.Бірақ енем мені жамандамайтын.Обалы не керек, енемнен жаманшылық көрмедім.Анау-мынау еркелігімді көтерді.Содан енемінің падружклері жыл санап азая бастады.Жыл сайын бір-екеуінен айырылып,"келместің кемесіне"мінгізіп жіберетінбіз.Басқы кезде 20 -дан асқан подружкадан бұл күнде тек екеуі қалды.Енем мен әжем.Екеуі де тоқсанның ауылында.Қайран, қарттар, азайып барасыңдар, мүлдем тіпті жоқсыңдар... Сол "гүл" боп отырған кезінің қандай керемет екенін енді түсінем.... Иә, қаланың қызы ауылға қандай келін болғанымды жазып, бір кулдірдім бе?
留言