top of page

ҚЫЗ БАР УЙ..

  • mazhitova-onash
  • 5 мар. 2016 г.
  • 2 мин. чтения

"Қызы бар үйдің қызығы бар" дейді ғой... Менің екі егіз қызым бар. Бойжетіп қалды. Қызды тәрбиелеу үшін алдымен өзіңді тәрбиелеп алу керек екеніне менің көзім әбден жеткен. Қызға ұрыса берудің де қажеті жоқ. Сіз оған тек үлгі болыңыз. Қыз тек өзіңізді қайталайды. Қазақ бекер айтпайды ғой "Анасын коріп қызын ал" деп. Сіздің тірлігіңіз қандай болса, оныкі де сондай болады екен. Сіз жалқауланып күні бойы диваннан түспесеңіз, ол да соны қайталайды. Жүріс-тұрысыңыз, айтқан сөзіңіз, басқалармен қарым-қатынасыңыз бәрін, олар да білдіртпей қайталай береді екен. Сіз ауызбен айтқанмен ісіңізде ол болмаса сізге деген қызыңызда күман туындайды. Жалпы қызыңыз есейе келе оның бойынан өз мінезіңді байқайсың, ал өзің анаңнын мінезін қайталайсың. Бұл- шындық! Сенің тірлігің, ертең қызының тірлігі!Құрбыларыңызбен, туған туысқандармен телефонмен сойлескенде немесе отбасында баска талас маселелерді шешіп жатқанда, қызыңыздың куә болмағаны жақсы. Қыз балаға әке емес шеше басымырақ үлгі болады. Қыз бала өскен сайын біз анасы тәртіптірек, енбеққор, тілімізді дұрыстаумыз керек. Яғни бұл дегеніңіз қыз өсіріп отырған анаға үлкен сынақ дегенім. Бәріміздің қайын жұртқа көзқарасымыз көбіне бір жерден шығып жатады. Ал олардың кызға туғаны екенін ұмытпайық. Олардың көзінше оларды жамандап, ал өз жұртыңды мақтаудың қажеті жоқ. Ол есейе келе өзі айырып алады. Өйткені сіздің қарым-қатынасыңыз, ол сіздің ғана қарым-қатынасыңыз. Енді сен де солай істе деуге болмайды. Қыз балаға шындықты сөйлеп үйреткен дұрыс. Өйткені, өсектеу де, шағылыстыру да, өтірік сөйлеуде бәрі әйел адамдардың арасында көбірек болады. Сіз кіммен дос болмасаңыз, кызыңыз да сол адаммен дос емес, байқасаңыз. Басқа үйге барып келіп, акпаратты әдемілеп те жеткізетін қыз бала. Өйткені біз одан сұрап, үйретіп қойғанбыз. Қас-қабағыңа да қарайтын қызыңыз. Сізді ойлап жаны ашитын да қызыңыз. Қыз - ертең келін. Бөтен үйге барып тұрган кезде бойында сізден тұтқан нәрселер шыға бастайды. Соны ұмытпайық. Қыздың өмірі ауыр, мейлі ол бай, мейлі ол кедей болсын. Қыз тек ақылмен жағдайды жеңеди. Менің ойым, сіз не қосасыз?


Comments


© 2023 by The Mountain Man. Proudly created with Wi

bottom of page