top of page

ЖОЛДА

  • mazhitova-onash
  • 5 мар. 2016 г.
  • 1 мин. чтения

Қайырлы кеш, достар! Күндеріңіз қалай өтті. Ал мен болсам тұмаудың кұрсауына түсіп қалдым. Ауруымды ауырып жатырмын. Тек жатпай сіздермен әңгімелесіп жатайын дегенім ғой. Менің егіз қызым бар. Жаратқанға шүкіршілік. Солардың кішкентай кезінде, жас шамалары 4-терде поездға отырдық. Ұйықтап жатқан мен бір қызық әңгімеден ұйкым ашылды. Қасымызда үлкен әже келе жатты. Әже екі қызды сұрақтың астына алып жатты. Қайда, кайдан дегендей...Әже, атаң бар ма, қайда тұрады? Қызым: Бар Алматыда тұрады. Әжең ше? Бар, ауылда тұрады. Сонда жолаушы әже: Еее, байғұс, айырылысып кеткен екен ғой. Онысы несі қартайғанда, деп аяушылық білдірді. Оның сырын біліп жатқан мен жымидым.Өйткені, бұлар үшін ата менің әкем де, ал әже менің енем болатын. Өз аталары жоқ еді. Ал, менің анамды бұлар апалап өсті...


Commenti


© 2023 by The Mountain Man. Proudly created with Wi

bottom of page