top of page

БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА САЯХАТ

  • mazhitova-onash
  • 5 мар. 2016 г.
  • 1 мин. чтения

Қайырлы түн, достар! Түн тыныш болсын. Балалық шаққа саяхат жасағым келіп отыр. Ата-анам інім екеумізді жазғы демалыста ауылға жібереді. Жаз бойы ойыннан бас алмаймыз. Ауылдағы бауырларға қосылып, мәз боламыз. Атам үйінің ең бағалы жері шолан болатын. Сол шоланда жоқ емес зат жоқ. Көрсек есіміз кететін, тәттінің бәрі сонда... Және бір-екеу тұрмайды, жәшіктеп тұратын. Сол шоланнын есігінде тесік болатын. Сол тесіктен қарап бағдарлап алатынбыз. Шоланнын аузында қара құлпы болатын, ал онын кілті әжемнің қалтасында. Бір інімді сол кілтті ұрлап әкелуге жиберетінбіз. Ол түстен кейін әжесінің қасына жатып ұйықтаған болып әлгі кілтті ұрлап әкелетін. Сосын біреуміз іште біреуміз сыртта шоландағы тәттілерді ұрлайтынбыз. Бір сондай ұрлығымызда қолға түсіп қалғанымыз бар. Әжем ашық тұрған шоланның есігін көріп:"Ойбай, мынау ашық тұр ғой, масқара" деп бізді сыртымыздан құлыптап кеткені де бар. Сәтті болған күндері сгущенканы бір бірден алып, шегемен тесіп алып, тау төбе болып тұрган пишеннің үстіне шығып, аспанмен сырласып, кең жазық даланың көкжиегіне көз жеткізе алмай әркім өз арманын айтып жататынбыз Кейде таяғын шошайтып атам келетін. Ол кісінің ойлайтыны мал еді. "Ай, анау көрінбей ме, мынау көрінбей ме", деп мазаңды алатын. Біз атамның көзіне түспеуге тырысатынбыз. Ол кісі қатты еді. Соғыс көрген. Оның қаттылығын әжем жұмсартып отыратын.. Ол отырғанда шайда тек шыбынның ызыны естілетін. Бірақ ол байғұс шыбын да ұзаққа бармайтын. "Мына шыбынның үнін өшіріңдер!" деп атам бұйрық беретін. Шыбын біздің қолдан ажал кұшатын. Тырп етпей отырып шәй ішетінбіз. Көзі сондай өткір болатын. Ол саған тесіліп қалса, құдай атты дей бер. Кейде ол саған ұзақ қарағанда алдындағы бір үзім нанды аузына сала алмай қалатынбыз. Атам бір-екі кесесін ішіп болып тұрып кететін. Ол кете қайтадан балаға айналатынбыз. Қайран, балалық шақ...Бір күнге оралса ғой...


Comments


© 2023 by The Mountain Man. Proudly created with Wi

bottom of page