Айнұр төсегінен ұшып тұрды. Сағатқа қарады. "Ту, блин, талтүс болыпты ғой!-деп қынжылды. Ол бүгін жаңа жұмыс орнына бармақ, компанияның директоры тілдесуге шақырыпты. Кеше хатшысы телефон соққан. Айнұр ваннаға кіріп, өзін ретке келтіре бастады. Тез жиналып, үйден тез шықты.Такси тоқтатып, мекен-жайын айтты.-Салем, Айнұр! Кешіктіңіз ғой. Тез кіріңізші, ол сұрап еді жаңа ғана.-Кешіріңіз, көлік кептелісі болып..-Тез, кіріңіз! Айнұр бастықтың кабинетіне кіріп келді.-Төрлетіңіз, жұмысқа алсам, осылай кешіге бересіз бе?-Иә, ой, жоқ әрине, кешіріңіз!Айнұр директордың алдындағы үстелге жақындады. Орындықты сасқалақтап тартып жатып, қолындағы сөмкесін түсіріп алды.-Қобалжымаңыз, отырыңыз!-деп директор күлімдеді. Айнұр орындыққа отырып, басын көтерді. Көзі сонда ғана алдында отырған бастыққа түсті. Алдында сымбатты, жап-жас жігіт отыр екен. Айнұр одан бетер ыңғайсызданып көзін төмен түсірді.-Айнұр Абзалқызы, түйіндемеңізді карап шықтым. Сіз біздің компанияда жұмыс жасауға лайық екенсіз. Сосын тілдесуге шақырдым.
-Иә, рахмет!
-Компанияның алдыңызға қоятын міндеттерін заңгеріміз түсіндірер. Бұрынғы жұмыс орнынан неге кеттіңіз, кұпия болмаса?-деп бас директор кызға карады.
-Жоқ, кұпия емес. Мені әзірше ғана алған болатын.
-Жақсы, онда, -деп бас директор хатшысын шақырды. -Назым, маған кадр бастығын шақырыңызшы! Тез, мен әкімшілікке кетуім керек, -деп Айнұрға бір карады. Айнұр көзін ала қашты. Кадр бастығы келгенше ол Айнұрдан көзін алмады. -Қаланыкісіз бе? -деген сұрағына қыз басын көтермей:
-Ия, осында тұрамын-деді.
-Менің аты-жөнім, Нұрбек Сапарович, -дегенде Айнұр білетінін айтып, басын изеді. Кірген кадр бастығы Айнұрды ілестіріп, кабинеттен қайта шықты. Айнұрдың жолы болып, компания кызметкері болып шыға келді. Мұнай саласымен айналысатын компанияға жұмысқа тұру Айнұр үшін үлкен жетістік еді.
-Құжаттарыңызды жинауға үш күн, сосын жұмысты бастайсыз деп кадр бастығы Айнұрды қаржы департаментіне ертіп апарды.
-Асылан Сагатович, міне менеджеріңіз бүгіннен бастап, прошу любить и жаловать!-деп Айнұрға қарады.
-Аа,жақсы, жақсы! Төрлетіңіз!-деп Айнұрдың тікелей бастығы отыруды ұсынды. Тікелей бастығымен біраз тілдесіп, өзінің жұмысқа кірісетініне көңілденді. Үйге қуана оралған Айнұр, бұл қуанышты боліспек болып досы Маржанға соқты.
-Маржан, мен жұмысқа тұрдым. Мұнай компаниясына. Өзім сенбей отырмын әлі. Жалақысы да жақсы.
-Уу, кұрбым, кұтты болсын! Сен үшін қуаныштымын! Жуатын болдық қой.
-Әрине, жуамын! Кірісейін жұмысқа.
-Айнұр, мен бүгін Талғатты көрдім,-деди Маржан.
-Қайдан?-деп қабағын түйді Айнұр.
-Көшеден. Аялдамада тұр екен.
-Мм, енді қайтем.. Тұрса тұрсын..Айнұрдың көңіл-күйі бірден түсті.-Маржан, мен ол оңбағанның атын да естігім келмейді. Айтпашы, ештеңе! Бәрі есіме түседі қазір!
-Кешір, иә, менікі дұрыс болмады. Сол сұмырайды көргенде өзім де жолымнан тайып, көлік апатын жасай жаздадым. Тұр, сүмірейіп.
-Бәрін ұмытқым келеді. Мен онсыз өмір сүре алатынымды дәлелдеймін алі -деп Айнұр дауысын қаттырақ шығарды.
-Әрине, құрбым, жұмыс жасап, басқа жанды кездестіріп, әли-ақ бақытты боласың!
-Кешке келсейші, жұмысымды атап өтейік. Баянға да хабарлас. Келіңдер! Күтемін! -деп Айнұр, телефонды төсекке тастай салды. Терезеге карады. Күн жарқырап тұр еді. Лезде күнгірттене бастаған. Жаңбыр жауады-ау, шамасы. Жел тұрып, ағаш жапырақтары ұша бастады. Күз әли күреңдене қоймаған шақ еді. Қазанның басы. Күннің өз көңіл-күйімен астаса кеткеніне Айнұр таңырқай қарады. Айнұрдың жанын өткен күн ызғары шарпып өткендей, денеси тітіркеніп, тоңғандай болды. Көзінен молт еткен жасты қолымен тез сүртті. Сол сәтте терезе әйнектеріне де көз жасындай, жаңбыр тамшылары тырсылдай бастады.. Талғат... Ол - Айнұр үшін бір әлем еді. Махаббат пен аппақ үміттің әлемі! Сол әлем осыдан бір жыл бұрын күйреген, ол әлемге бомба түскен, табиғат апатына ұшыраған. Сезімі кеудесінен лава болып ағып, жан-дүниесі күйіп калған. Күйік әлі жазылар емес. Арасында қансырап мазасын алады. Бүгін де сол... Жоқ.. Айнұр бүгін оны ойламауға өзіне серт берді. Бүгін қуанышты күн. Бүгін арман-үмітінің орындала бастаған күні. Терезеге тағы бір үңіліп, ас бөлмеге карай бет бұрды. Ол бүгін әлі оразасын ашпағаны есіне түсті. Шәй қойып, тоңазытқышты ашты. Іші жылан жалағандай. Бір банка вареньені ашып, шәй демдеді. "Дүкенге барып келу керек" деп ойлады. Дастарханға не қоям деген ойымен сөмкесіндегі ақшасын санады. "Маржаннан карыз алмасам жетпес мынау. Дәрігерлерден де өту керек жұмысқа. Қашан мен осы түгенделіп өмір сүрер екем."- деп, ой елегін басқа жаққа ауыстырды. "Манағы бастық жігіт қандай сүйкімді. Бір әйелдің бағы болып отыр-ау.. Шіркін, жақсы жар кездессе екен маған. Өмірімді соған арнар едім"-деп ыстық шәйдан бір ұрттады. Айнұр ол кезде институтта оқитын. Оқуды тамамдап қалған, 4 курсқа аяқ басқан шақ еді. Қыздармен жазғы демалыс болғасын Ыстық көлге бармақ болды. Маржан, Баян, Тұрсынай құрбыларымен жолға жиналды. Ол кезде ағасының үйінде тұратын. Ағасынан сұранған. Ыстық-көл жағасындағы бір кемпірдің үйін жалдап, қыздар орналаса бастады.
-Қыздар, тез көлге барайықшы! -деп асыққан Маржанға Тұрсынай мен Баян ерген. Айнұр болса, тамақ жасап қоймақ болды.
-Барып келіңдер! Мен түскі ас жасаймын. Тамақ ішпейсіңдер ме? Менің қарыным ашты -деген Айнұрға:
-О,ақылды қыз! Давай, пісіріп қой. Біз саған балық аулап әкелеміз, -деп Баян сақ-сақ күлді. Қыздар кетіп, Айнұр тамақ қамына кірісті. Дәліздегі газплитаға барып, ар-жақ бер жағын қарап, сіріңке іздеді. Таба алмағасын сыртқа шықты. Әжейді іздеді.
-Әже,-деп көрши тұрған есікке басын сұкты.
-Жоқ, мұнда әжей жоқ -деп бетпе-бет келіп калған жігітке Айнұр:
-Кешіріңіз, хозяйка әжей керек еді..
-Білмедім, жүрген шығар осында. Көмек керек пе?
-Тамақ пісірейін, - деп едім. Газ плитаны жаға алмай тұрғаным. Сіріңкеңиз жоқ па?
-Жүріңіз, жағып берейін,-деп жігіт алға түсіп, ширақ қимылдап дәлізге кірді. -Болды, тамақ пісіре беріңіз. Демалуға келдіңіз бе?
-Біз де. Мен де достарыммен келгенмін. Олар да көлге кетті, -деп жігіт жымиды. -Танысып қоялық, Талғат!-деп қолын ұсынды.
-Айнұр!-деп кыз да колын берді.
-Қайдан келдіңіздер, Алматы ма? -деген Талғатқа:
-Иә, Алматыдан, студентпіз.
-Біз де Алматыдан,-деді Талғат. Айнұр тамақ пісіріп, қыздарын күтті. Ал жаңа танысқан жігіті өз есігіне кіріп, қайта шықпады.
-Қайда жүрсіңдер, тамақ суып қалды ғой-деп Айнұр қыздарын ренжи қарсы алды.
-Айнур, көл ғажап!-деп Тұрсынай су киімдерін жая бастады.
-Шыққымыз келмеді. Қайтарда бір жігіттер жабысып, артымыздан калмай келеді десек, олар бізге көрші болып шықты. Үйлеріне келе жатыр екен.
-Иә, мен көрдім. Біреуі мен сияқты үйде қалыпты. Танысып та үлгердік.
-О,пысық! -деп Маржан қазанның бетін ашты. Қазаннан бұрқыраған бұктырылған ет пен макоронның иісі аңкыды.
-Дастарханға отырыңдар, қыздар! Тамақ ішейік! -деп дауыстаған Айнұр асты ортаға қойған еді. Қыздардың қарындары ашқаны бірден білінді. Әп-сәтте тәрелкі жаланды.
-О, міне бақыт деген осы! -деді Тұрсынай ішін сипалап.-Енди ұйықтасақ, тіпті керемет болмақ.-деп төсекке құлай кетті. Айнұр дастарханды жинады.
-Шәй ішпейміз бе, қыздар, ұйықтамаңдар! Менде жеңешемнің жолға пісірген тәттісі бар.
-Сосын, кешірек- деп Маржан да төсегіне қисайды.
-Маржан, жаңагы жігіттің аты Талғат екен. Өзі сүйкімді. Маған сіріңке берді- деген Айнұрға қарап:
-Не, ұнатып қалдың ба?-деді Маржан.
-Жоқ, бірден қалай ұнатасың?-деді Айнұр.
-Адам бірден ұнатады. Махаббат деген солай басталады көбіне, -деді Маржан.
-Маржан, сен бірден ұнатып көрдің бе?
-Иә, Қуатты. Бірақ ол маған қарамады ғой. Қатты жақсы көріп едім. Түн ұйықтамай, күндіз лекцияда қалғып..
-Иә, бірақ, оны бізден кім сұрайды,-деп күрсінді Айнұр.
-Жатсайшы, шаршаған жоқсың ба? -деген Маржанға:
-Жоқ, далаға шығып келейін-деп Айнұр орнынан түрегелді.
-Осы сен қыз шаршамайсың, еңбекқорсың. Енді жақсы азамат кездессе.. -деп Маржан күбірлеп жатып, қалғи бастады. Айнұр құрбысына бір карап, жымиды. Жай басып, аулаға шықты. Аулада манағы әжей күйбеңдеп бірденелерді тасып жүр екен.
-Әжей, көмектесейін бе? -деп қасына жақындады.
-А, рахмет қызым, мынаны анау қораға апарайықшы- деп, ескі бір заттарды ұстатты. Айнұр аса ауыр емес, шағын қапшыктарды қораға қарай көтере жөнелді.
-Шалыңыз кайда, әже?-деп Айнұр әжейге күлімдеді.
-Шал тұратын бе еді. Ана ауылға кетті ғой. Енді мені күтіп жатыр. Басында түсінбеген Айнұр, сәлден кейін тусініп күлді.
-Әжей, қайтыс болды десеңізші..
-Иә, кетті ғой, тастап, биыл бесінші жаз, жалғызбын.-Пенсия аз, міне сендерді жіберіп, азын аулақ ақша табамын. Бір балам қалада, қызым қасымда. Оқуға жұмысы жіберген. Келеді енді. Айнұр затын тасып болып, сырттағы тұрған суға беті қолын жуды. Енді үйге кірмек еді, Талғат шықты. Ол Айнұрды көріп, жымия қасына жақындады.
-Не істеп жүрсіз?
-Әжейге көмектестім-деп Айнұр да күлімдеді.
-Достарыңыз қайда?
-Үйде, ұйықтап жатыр,-деді Айнұр.
-Көлге барғыңыз келмей ме? Жүріңіз апарайын,-деді Талғат. Айнұр сәл ойланып, келісім берді. Екеуі ауладан шығып, ұзай берді.
-Қалада тұрасың ба? -деп Айнұр әңгімеге өзі тартты.
-Иә, ата-анаммен бірге тұрамын. Өзімнен кейін бір қарындасым бар. Мектепте оқиды. Өзім политехты бітірдім. Енді жұмыс істеп жүрмін елшілікте. Негізі тау инженерімін. Ағылшын тілін меңгергем.
-Мен студентпін. 4 курсқа көштім. Ағамның қолында турамын. Болашақ экономистпін. Қасымдағы қыздарыммен бірге оқимыз.
-Грант па? Әлде ақылы оқисың ба? -деді Талғат.
-Жоқ, грантта. Степендия аламын. Ата-анам ауылда тұрады.
-Бұл жерге келіп пе едіңдер бұрын?
-Жоқ, алғаш келуіміз. Екеуі сөйлесіп келе жатып, көлге қалай жетіп қалғанын байқамай қалыпты.
-Ух, ты, қандай ғажап көл! -деп Айнұр таңғалды..
-Талғат, тез жүрші, көл қандай әдемі! -деп Талғаттың қолынан ұстап жүгіре жөнелді.
-Тоқташы, не ешқашан көл көрмедің бе? Айнұр?
-Иә, ешқашан. Алғаш рет мынандай сұлулықты көруім. Олар жағадағы кұмға отыра кетті. Айнұр көлден көзін алмады. Қол беті жылтырап, асыл тастардай жарқырайды. Аспан мен көл астасып, ұшы-қиыры жоқ бір кеңістікке айналған. Көлден соққан самал жел, бетіңді аймалай суйіп өткендей. Толқындары саған қарай талпынып, аяғыңа келе жығылып, құшақтай алтындай. Айнұр тұрып, суға жақындады. Аяғын малып, судың жып-жылы екенін сезді.
-Ей, қыз кайда жүрсің? Қорқып кеттік қой! -деп Маржан есік алдынан карсы алды.
-Мара, қорықпашы, мына жігітпен көлге барып келдім. Танысып қой, Талгат!-деп Айнұр Маржанға козімен белгі берді.
-Пысық, келмей жатып жігітпен танысып, еще көл жағасына барып та үлгерді, -деп Баян жымиды. Кешке жақын қыздар көршілерін қонаққа шақырып, танысып шәй ішті. Олар енді көлге бірге барып, бірге қайтатын болды. Талғаттың қасындағы достары Азамат, Нұрлан да сүйкімді, өнерлі жігіттер болып шықты. Әсіресе, Азамат гитарамен әнді өте әсерлі айтатын. Баян ол жігітке бірден ғашық болды. Бір апта уақытта олар бір үйдің адамдарындай достасып кетті. Айнұр өткен күндерді еске түсіріп, бір күліп алды. Бірде бәрі қайыққа отырып, одан қайық аударылып, біраз әуреге түскені бар. Қыздар емес жігіттердің жүзе алмағаны қызық болды. Қыздар оларды жүзуге үйретіп, кете-кеткенше мазақтаумен болған. Айнұр ой кұрсауында біраз отырып қалғанын байкап, есін жиды. Жалма жан киініп, дүкенге бармақ болды. Қыздарға тәтті бірденелер алмақ. Айнаға қарап, біраз тұрды. Қою қара қасы мен үлкен қой көздері, шолақтау мұрыны, оймақтай еріні мен дөңгелек жүзі жапон қыздарын елестететін. Айнұрды ерекшелейтін ең басты нәрсе оның ақша қардай аппақ терісі еді. Дақ түгілі бір мең таппайсың бетінен. Бұл оны сұлуландыра түскен. Ол ешқашан шаш қимаған. Тек бір бұрым қылып өріп қоятын. Бұрымы белге түсетін. Ол да оны ерекшелейтін. Айнұрдың жасы көктемде 24-ке толған. Айнұр дастархан жасап, кұрбыларын күтті. Құанышын атап өтпек болып, бір шарап та сатып алған. Құрбылары келіп, олар таңға дейін отырды.
-Мара, Талғат аялдамада не істеп тұр екен? Оның машинасы бар ғой. Қоғамдық көлікке мінбейді ғой.
-Қайдан білейін, тұр әйтеуір. Аса бір жылтырап та тұрған жоқ. Жүзі шаршаңқы. Түсе қалып, разборка жасап жібергім келді. Бірақ жолдың ортасында, кептелісте тұрдым. -Жоқ, олай істеудің қажеті жоқ. Өтті бәрі.
-Иә, кұрбым, жаңа жұмысыңмен жаңа өмірің басталсы. Бақытты өмірің! Ол оңбағанның бұндай екенін білгенде.. Сөзге Баян араласты.
-Иә, азамат па десең, қатыннан да жаман болды ғой. Ничего подруга, бәри окей болады. Жұмысын ұзағынан болсын!
-Рахмет, қыздар! Осы компанияны көптен көздеп жүр едім. Мұнаймен айналысады. Іссапары көп екен. Жұмыс көп. Бұл маған жақсы, жұмысқа басыммен кеткім келеді. Бәрін ұмытып.. Қыздар, білесіңдер ме, бас директор жас, көрікті жігіт екен. Тіпті ыңғайсызданып, әзер тілдестім.
-Аа, басы бос па екен? -деді Маржан көзі жанып.
-Қайдан білейін.. -деп Айнұр күлді. -Бүгін қуанышты күнім, қыздар! Ал мен қуана алмай отырмын. Өткен күндер еске түсіп.. Басымдағы ол масқараны мен ешқашан ұмыта алмаспын. Сен бүгін "Талғатты көрдім"- дегелі, бір мұң кіріп кетті ішіме. Қыздар, мен оны жанымдай жақсы көріп едім ғой. Неге? Осыдан бір жыл бұрын. Айнұр мен Талғат үйленетін болып шешкен. Айнұр өзін ең бақытты жандай сезінген. Талғат Айнұрдың ата-анасының алдынан өтіп, құда түспек болды. Көп кешікпей кұда да түскен. Той күні де белгіленді. Ақ көйлек те алынды. Неке сарайына да тіркелген. Ал той болардан бір апта бұрын Талғат Айнұрдан бас тартқан еді. Талғаттың неге бұлай жасағанын Айнұр әлі күнге түсінбей келеді. Неге деген сұрақты да Айнұр жігітке қоймаған еді. Өйткені, одан енді ештеңе өзгермесін қыз түсінген. Талғат та келіп, кешірім сұрамады. Әлде сұрауға дәті жетпеді ме, кім білсін? Екі жақтың ата-анасы кейінге қалдырдық деп құтылған. Ел бетіне қарай алмай Айнұр ұзақ уақыт үйден шықпаған еді. «Араларыңда не болды, қызым?!»-деген анасының сұрағына не деп жауап берерін де білмеген. Өйткені бәрі дұрыс сияқты еді. Сол кезде Айнұр: «..өлем, өмір сүргім келмейді!»-деген сөздерді мүлдем айтпаған. Ол тек «Енді ешқашан жігіт атаулысына сенбеспін!»-деген болатын. Уақыт өте бәрі өз орнына келе бастаған. Бірақ жүректе сол жағдайдың сарқыншағы қалып ,әлсін-әлсін еске салатын. Тойланбай қалған той күні де Айнұрдың ең жек көретін санына айналған, 27-сін де ол ұмытпаған. Сол жағдайдан кейін Талғат Айнұрға телефон соққан еді. Бірақ Айнұр жауап бермеді.Неге екені белгісіз Талғатпен ол: «...енді ешқашан кездеспесем екен»- деп тіледі. «Сөйлеспегенің дұрыс болмады. Себебі бар шығар. Тыңдауың керек еді»-деген Маржанды да тыңдағысы келмеді.«Мара, менің ол адамға көңілім қалғаны сондай, тіпті себебін де білгім келмейді. Түсінші мені!»-деп Айнұр бетін басқан. «Мен барып, қалпағын қайырып келейін бе?»-деген ағасына да тоқтау салған. Сырт көзге ештеңе білдірмегенмен Айнұрдың ішкі жан-дүниесі өртеніп жатқан еді. Өз махаббатының жан шыдатпас күйігін ,ешкімге білдірмей, азапты күндерді кешкен. Бір апта жұмыс істеп үлгерген Айнұр, басшыларға жақсы жағынан көріне бастады.
-Аслан Сагатович! Мына берілген кестелерден қате таптым. Сізге көрсетейін дегенмін. Бола ма? Ия.ия,төрлет!Көрейін, қане!-деп бастығы ниет білдірді.-Отыр кел,сені бас директор сұрады.Мен жақсы пікірде екенімді айттым.
-Рахмет!Үміттеріңізді ақтауға тырысамын,-деп Айнұр жымиды.«Осы кешігіп қалатын әдетімді қалай жойсам екен»- деген оймен Айнұр жүгіре литфтке кірді. Лифтің ішінде екі-үш адам мінген. Кіре амандасып, Айнұр көзін көтермей тұра берді. Бұл да Айнұрдың әдеті еді. Лифтқа мінгенде адамдардың бетіне тесіліп қарамайтын.
-Саламатсыз ба, Айнұр!-деген дауыстан Айнұр басын көтерді. Қарсы алдында бас директоры тұр екен.
-Сәлеметсіз ба, Нұрбек Сапарұлы!-деп Айнұр ынғайсызданып қалды.
-Қалыңыз қалай? Жұмысқа үйреніп жатырсыз ба?-деді бас директор.
-Ия,ия!-деп Айнұр ашылған есіктен бастығын өткізбек болып еді:
-Өтіңіз, өтіңіз!-деп жол берді. Екеуі өз қабаттарынан түсіп, компания дәлізіне аяқ басты.
-Сіз туралы өз бастығыңыз жақсы пікірде. Жетістіктер тілеймін ары қарай да,-деген бас директорға Айнұр басын изеді. Екеуінің жолы екі жаққа айырылып, Айнұр кабинетіне аяғын жүгіре басты.
-Ту, қыздар, мен кешігіп ,оның үстіне бас директорды кездестіріп, қатты қысылып қалдым,-деп шешіне бастады.
-Ой,ештең е деген жоқ па?-деді қасында отыратын Айгерім. Жаңа жұмысына ден қойып жұмыс істеген Айнұр басшылықтың көзіне түсе бастады. Ол жиі іссапарларға шығатын болды. Ұжымның алдында да беделі өсіп, ортасы сыйлай бастады.
-Айнұр, сени бастық шақырып жатыр-деді хатшы. Айнұр орнынан лезде тұрып, бастықтың кабинетіне кірді.
-Аслан аға, шақырдыңыз ба?
-Ия, кіре ғой. Отыр. Ертең Атырауға ұшамыз іссапармен. Бас директор да бізбен ұшады. Кешегі жобаңды тағы бір жақсылап қарасаң бүгін. Ертең сол жобамен ұшамыз-деді.
-Жақсы, мен дайынмын ғой, -деп Айнұр бастығына жымиды. Кешкісін үйіне келіп, жолға дайындалды. Айнұр пәтер жалдап жалғыз тұратын. Сол оқиғадан кейін жалғыз тұрғысы келді. Өйткені оны бәрі аяйтын сияқты көрінді. Тапқан аз ақшасын пәтерге беріп, қалғанын тек тамағына әзер жеткізетін. Енді жаңа жұмысқа кіргелі жағдайы түзелген. Түнімен жобасын қарап, таңға көзін ілген. Ал таңғы сағат 9да әуежайда тұрды. Ұшаққа Айнұрдан басқа, 4 адам мінді. Отыратын орны бас директордың қасында болып, қыздың бойын ыңғайсыздық билеген. Алайда, бас директор өзін Айнұрмен өте сыпайы ұстады.
-Айнұр, кешіріңіз, жоба бойынша бір-екі сұрағым бар.
-Ия, тыңдап отырмын сізді, -деп Айнұр бас директорға басын бұрды. Көздері түйісті. Айнұр лезде көзін тайдырды. Жас бастығының отты көзі қыздың бойына тоқ болып тарап кеткендей еді. Жол бойы екеуі жақсы таныстардай сөйлесе бастады.
-Отбасыңыз бар ма? -деді кенет бас директор.
-Жоқ, әли тұрмыс кұрған жоқпын.
-Мен де.. Жұмыстан басқаға қол тимей жүр -деп директор жымиды. Айнұр оның бойдақ екенін білді. Ұшақ Атырауға қонып, бұлар отельге орналасты. Үш күнге созылған іссапар аяқталып, кешкісін мейрамханада бәрі бас қосты. Жақсы отырыс болып, Айнұрдың іскерлік қасиетін бәрі мақтай бастады. Сол іссапардан кейін бас директор Айнұрды жиі кабинетіне шақырып, әртүрлі сылтаулармен әңгімелесетін болды.
-Айнұр, сізді бүгін мейрамханаға шақырсам деп ем. Рұксат етсеңіз.. Айнұр бұндай ұсыныс болады деп еш ойламаған еді.
-Кешіріңіз, жоқ, рахмет!
-Неге?-деді директор.
-Мен сізді мүлдем танымаймын. Сіз менің басшымсыз. Бұл дұрыс емес. Ренжімеңіз! -деп Айнұр жауап берді.
-Жақын танысайық ендеше! Не кедергі! -деген басшысына қыз ойланатынын айтты. Кешкісін Маржанға телефон соқты.
-Маржан, тез келіп кетші!
-Не болып қалды? Тыныштық па?
-Үйге келгесін айтамын, -деп Айнұр ештеңе айтпады. Кешкісін кұрбысы екеуі үстел басында отырып, бұл мәселені талқылай бастады.
-Айнұр,әрине бар! Есің дұрыс па, сен қыздың? Бас директор шақырып тұр ғой.
-Маржан, маған бас директор емес, маған адал жан керек.
-Әрине, түсінем.. Өмір сол жағдаймен тоқтап қалған жоқ қой. Жақсы жағына өзгеріп жатыр. Жаңа жұмыс, үлкен жалақы. Бұрын сен менен алатын едің қарызды енді, мен сенен аламын.
-Ту, Маржан, ақша туралы айтпашы.. Сен менен күнде сұрасан да беремін.
-Енді міне! Джек пот! Компанияның бас директоры кездесуге шакырады. Қуанбайсың ба?
-Ал, ертең алдап кетсе не істеймін.. Сол маған ғашық дейсің бе?Оған бірер ай ойнап, тастай салатын ойыншық керек болар.
-Енді, отказ бердің бе?
-Жоқ ойланам дедім.
-Өй, ақылыңнан айналайын қыз! Сенің басыңа мына жер шарының бүкіл азабын үйіп қоймаған шығар, тәңірім!Бұлт артынан қылтиып күн шығады. Сенің ана сүмелекке шықпағаныңды Аллам өзі қалаған ғой. Мынандай азаматты кездестіре алмас едің әйтпесе. Давай, сөзді қой!Өзіңді ретке келтір де, шагом марш! Мына шаш осылай өмір бойы құйырығын болып жүре ме?
-Иә, шаш қимаймын!
-Жақсы, жақсы! Қима, мүмкін ол сені осы шашың үшін де ұнатып қалған болар. Бірақ міндетті түрде салонға бар!
-Сонда не, мен онымен кездесейін деп отырмын ба?
-Иә! Айнұр! Кездесесің! Шақырған жеріне барасың! Айнұр ойланып қалды.
-Мара, қайтадан сезім құрығына түскім келмейді. Мен қорқамын!
-Қорықпашы, бәрі жақсы болады. Болмаса, кел де менің шашымды жұлып ал. Құрбылар таңға дейін өткен-кеткенді айтып, көз ілмеді. Келесі күні кешке Айнұрдың үйінің алдына қара джип келіп тоқтады. Бұл бас директор Нұрбек еді. Бір құшақ гүлімен Айнұрды есік алдынан күтіп алды. Екеуі қаланың ең қымбат мейрамханасына барды. Алдын-ала тапсырыс берілген үстелге жайғасты. Айнұр мейрамханада бір-екі рет қана болған. Ол өзін ыңғайсыз сезінді. Бірақ барынша білдірмеуге тырысты.
-Не қалайсыз, Айнұр?-деді Нұрбек.
-Өз қалағаныңызды бере беріңіз, маған сол да болады,-деп Айнұр күлімдеді.
-Тағамдарды әкелгенше шарап іше тұрайық,-деп Нұрбек Айнұрға шарап ұсынды.
-Жоқ, ішпеймін. Рахмет, су жарайды!-деп Айнұр қарсылық білдірді.
-Айнұр, сізбен жақынырақ танысып, аралассақ деймін. Сіз маған ұнайсыз. Бірақ бастық пен қызметкер емес, достар ретінде аралассақ, қалай қарайсыз?
-Білмеймін. Бір сұрақ қояйын деп едім. Неге мені шақырдыңыз? Компанияда қаншама ұзын сирақ сұлулар жүр.
-Иә «ұзын сирақ» деген сөзіңіз қызық екен. Иә, қыз көп. Бірақ жүректегі қыз біреу болу керек қой.
-Мен осы әрекетіңіздің қаншалықты шынайлығын білгім келеді, -деп Айнұр Нұрбекке тура қарады.
-Шынайы, бөтен ойым жоқ!-деп қысқа қайырды Нұрбек.
-Сүйген қызыңыз болды ма?
-Иә, болды. Бірақ ол мені тастап кетті. Өткен нәрсе оған да біраз жыл болды. Сүр бойдақтыққа да бойым үйренді. Жасым биыл 31 келеді.
-Сіз ше, Айнұр?Жігітіңіз болды ма?-деп Нұрбек Айнұрға сынай қарады.
-Неге болды ма?Бар шығар?Қайдан білесіз?-деп Айнұр қабаған түйді.
-Жоқ болар...болса, сіз бұл жерге келмес едіңіз,-деп Нұрбек қызға қу көзімен қарады. Айнұр үндемеді. Ол әрине өткен өмірі туралы тіс жармады. Жігітінің жоқ екенін айтып, құтылды. Сәлден кейін даяшы тағамдарды үстелге қоя бастады. Айнұрдын бірте-бірте Нұрбекке бойы үйрене бастады. Екеуі білім алған жерлері, компания, ата-анасы туралы сөйлесіп, әңгімелері жарасты. Әдемі әуенге билеп те үлгерді. Түнге қарай Нұрбек Айнұрды үйіне жеткізіп салды.
-Айнұр, ниетімнің шынайы екенін қалай дәлелдесем екен.
-Дәлелдеудің қажеті жоқ. Оны уақыт дәлелдейді. Сіз маған әзір тек бастықсыз.
-Сізден сенге көшейік. Достасып кетуге оңай болады, Айнұр!Әрине өз арамызда, -деп күлді жігіт.
-Сізді неге қызыңыз тастап кетті соны білуге бола ма?
-Болады. Бірақ мен оны өзім де білмеймін. Той күнін де белгілеп едік. Дайындық та басталып еді.. Айнұр Нұрбекке жалт қарады «Мына қызықты қара»-деді ол ішінен.
-Сіздей бас директорды да тастайды ма?-деп жігітке қарап жымиды.
-Жооқ, ол кезде бастық емес едім, қатардағы менеджер болатынмын. Компанияны әкем құрған. Басқы кезде қатардағы жауынгер болдық қой. Мен сосын ата-анамен мақтанып көрген адам емеспін. Өзім жетістікке жеткім келеді. Біз шет елде бірге оқығанбыз. Ол ақыры сол жақта қалды. Күйеуге шықты деп естігенмін. Мен ұзақ уақыт оны ұмыта алмадым. Сосын жұмысқа беріліп кеттім. Жұмыс бәрін ұмыттырады екен. Айнұр қоштасып, гүл мен кеш үшін рахметін айтып үйге кіріп кетті. Үйге келе құрбысы Маржанға телефон соқты. Екеуі ұзак бүгінгі жаңалықты талқылады.
-Мара, оны да тастап кетіпті қызы.
-Мәссаған, бұндайларды да тастай ма? Ол қай ақмақ қыз!-деп Маржан сақ-сақ күлді.
-Маржан, тағдырымыздың ұқсастығына таңғалып тұрмын. Мен бірақ өзім туралы айтпадым.
-Айнұр, ақылың бар ғой, енді айырылып қалма!-деп құрбысы ақылын айтты. Айнұр таңға көз ілмеді. Бүгінгі болған жағдайға әлі сене алар емес. «Жоқ, ештеңеден үміттен бе, Айнұр!»-деп өз-өзінен күбірлеп жатып, қалғып етті. Сол күннен бастап Айнұр мен Нұрбектің аралары жақандай бастады. Компанияда да қанша білдіртпейін десе де гу-гу әңгімелер кетті. Мұның бәріне Айнұр ыңғайсыздана бастады. Екеуі қыз бен жігіт болып жүргендеріне үшінші айдың жүзі көрінген. Айнұр өзін Нұрбекпен қатты ұстады. Берген қымбат сыйлықтарында алмады. Жігіттің ұсыныстарына келіспеді.
-Айнұр, шетелге дем алып келсек қайтеді?-деген де бірден қарсы болды.
-Неге, Айнұр? Сен маған әлі сенбейсің бе?
-Жоқ, мен ол жаққа бара алмаймын. Мен сенің кіміңмін?Әйелің емеспін.
-Онда үйленейік. Мен саған сөз салдым ғой. Сен оған да келіспейсің!-деп Нұрбек ренжіді. Айнұр басынан өткен оқиғаны Нұрбекке айтпаған. Қалай айтарын да білмейді. «Той болар да тастап кеткені несі»-деп күмәнданса қайтеді. Айнұр Нұрбекке қанша ғашық емеспін деп өз-өзін алдаса да, сезімнің бірден тұтанғанын мойындамасқа амалы болмаған. Енді тағы тойға келіп тіреліп тұр мәселе. Егер ертең той күні тағы мені тастап кетсе қайтемін. Жоқ! Мен сенбеймін!-деп Айнұр құрбысы Маржанды да әбден шаршатқан.
-Айнұр, сен бұл жағдайынды оған айтуың керек. Айтып бер,Айнұр! Сосын көресің! Ол саған айтып берді ғой,-деді Маржан.
-Білмеймін, Мара.. Ол жігіт қой. Мені ол түсінбей қалса. Мен оны сүйемін! Айтсам тастап кетсе...
-Соза берсең, ол сені сүймейді екен деп қалады,-деп Маржан қадалды. Айнұр көпке дейін Нұрбекке сырын айта алмай жүрді. Бір күні айтпақ болып телефон соқты.
-Нұрбек, кешке маған келіп кетесің бе?-деді Айнұр. Кешкісін Нұрбек Айнұрға келді. Айнұр шай жасап, екеуі шай ішті.
-Нұрбек, мен саған бір сырымды айтайын деп едім. Одан кейін сен маған қалай қарайсың, өзің білесің..
-Не болды? Ол не сыр?-деді Нұрбек.
-Білесің бе, мені де той алдында жігітім тастап кеткен. Тойға дайындық үстінде, ертең той деп тұрған кезде. Мен де сен сияқты оның мені неге тастағанын білмеймін. Расын айтсам білгім де келмеді. Мен де сен сияқты ұзақ қиналдым. Ел бетін көруге ұялдым. Жұмысқа берілдім. Мен сол кезде жігіт атаулысына енді сенбеспін деген едім. Іргемді алшақ ұстармын дегенмін. Бірақ сен кездестің. Сенің де басыңнан дәл осы оқиға өткенін білгенде менің саған деген көзқарасым өзгерді. Мен саған толық сенем деп әлі де айта алмаймын. Өйткені сен де мені кез келген сәтте тастап кетуің мүмкін. Сенің ақшаң, дәрежең, жағдайың бар. Нұрбек сәл үндемей қалды.
-Айнұржан, той күнін белгілейік. Бұл жолы сен той көйлегін киесің, мен оған серт беремін. Екеуміз той жасаймыз. Бал айын да өткіземіз. Үш жыл өткесін.. Қала сыртындығы екі қабатты үлкен коттедж. Аулада кішкентай бала ойнап жүр.
-Санжар, балам қайдасың, кел, әкең келді.
-Әке! Сен маған не әкелдің?-деді әкесін құшақтай алған балақай.
Comments