top of page

МАХАББАТ НҰРЫ

  • mazhitova-onash
  • 2 мар. 2016 г.
  • 18 мин. чтения

Сәния бүгін ерте тұрды. Кешеден бері ойға алған ісін іске асырмақшы. Телеграфка барып үйімен сөйлеспекші." Үймен сөйлеспегелі көп болды"- деген ой мазалап жүрген. Қасындағы қыздар әлі ұйқыда еді. Жатаханада тұратын. Қасында тағы екі кыз бар. Ол дыбысын білдірмей бөлмеден шықты. Есік алдындағы апаймен амандасып, далаға беттеді. Күн жаңа көтерілгенімен айналасын шуақ шашып үлгерген. Қыстың жылы күні. Қар күн сәулесімен асыл тастардай жалт-жұлт етеді. Сәния аялдамаға жақындады.

-Сакон, таңнан қайда шықтың, демалыс қой бүгін? -Сәлем, телеграфқа, үймен сөйлесейін деп..

-Ааа, мен де сол жаққа.. -деп Мұрат күлді. Екеуі келіп қалған автобусқа мініп, жол бойы әңгімелесіп барды.

-Мұрат, осы сен оңтүстіктенсің бе?

-Ия, Жамбылданмын.

-Уйің жақын, барып тұрасың ба?

-Жоқ, көп бармаймын. Қадірің кетеди.. -деген Мұратқа Сәния таңырқай қарады.

-Қадірің кеткен несі? Мен жақын тұрсам, апта сайын барар едим. Алайда, алыс.. Оралданмын.

-Ия, алыс екен, -деді Мұрат.

-Жеңгем бөпели болып еді, осыдан бір ай бұрын. Бөпесі туа сала шетінеп кетіпті. Жеңгемді қатты аядым. Уайымдап жүрмін. Өзи 6 жылдан кейін көтеріп еді, -деп Сания қабағын түйді.

-Ия, қиын болған екен. Жасы нешеде, жас болар? -деді Мұрат.

-30-ға келіп калды... -деп, Сәния түсуге ыңғайланды. Телеграф ішінде адамдар жиналып калған екен. Апа, қалайсыздар? Үй-іші аман ба? Сәуленің жағдайы қалай?

-Ай, шүкірміз, қызым! Жеңген жүр енді, қайтсын енді байгұс.. Кұдайдың ісі! Жас қой болар тағы да.. Көңіл-күйі жоқ. Жылай береди. Өзің қалайсың? Қашан келесің?

-Жақсымын, апа! Сессия тапсырып келемін ғой.. Бір айдан кейін.

-Ақшаң бар ма? Саламын жақында.

-Әзірге бар, апа! Сәния сөйлесіп болып, Мұратты іздеді. Ол да сөйлесіп жатыр екен. "Бірге қайтқан дұрыс болар"- деп ойлады. Олар телеграфтан шығып, көше бойлап жаяу жүрді.

-Сәния, ыстық пирожки жейсің бе?

-Жеймін, -деп бірден келіскен Санияны, пирожки сатып жатқан киоскіге бұрды.

-Асығыс болмасаң жаяу жүре берейік, -деді жігіт. Жақсы, ауа-райы тамаша екен!

-Онша алыс емес қой, жүре берейік,-деді Сәния.

-Үй-ішің аман ба екен? -деді Мұрат.

-Аман, жеңгемнің көңіл күйі жоқ көрінеді.

-Өзіңнің үй-ішің аман ба? -деген сұраққа Мұрат та басын изеді. Сол сәтте көңіл-күйі өзгергендей болды.

-Мұңайып қалдың ғой, Мұрат.. Бәри дұрыс па?

-Анам...қиналып жүр. Әкем ішеді. Күнде айқай-шу төбелес, қарындастарым да әбден шошынып болған. Сырттайға ауысқым келеді. Ауылға барамын қастарына.. Жазда ауысамын. Сәния ыңғайсызданып, үндеген жоқ. Олар жаяу жатаханаға да жетті.

-Қыздар тұрған болар. Бізге кел біраздан кейін, шәй ішейік,-деді Сәния.

-Рахмет, келемін! Сенің қолыңнан шәй тәттә болар мүмкін.. Сәния бөлмеге келіп, әли ұйықтап жатқан қыздарын оятты.

-Қыздар, әлі ұйықтап жатсыңдар ма? Ту, тұрыңдаршы, мен көшеге шығып келдім, ал сендер әлі.. Тұрыңдааар!

-Ии, не болды таңнан қақылдап, қораздай шақырып, жата тұрайық та?-деп бетін басты Айжан.

-Соны айтам, деп, бүркенді Ырысты.

-Сағат он жарым, қыздар! Қане, тұралық, шәй ішелік! Мен дүкенге соқтым. Қараңдаршы, не алдым, тәтті! Қыздар атып тұрып, үстелге қарады.

-Ой, печенье ме? Торт екен десем! -деп бұртиды Ырысты. -Қыздар, мен шайға біреуді шақырдым,-деген Сәнияға екеуі шоши қарады.

-Кім? Ол кім?

-Келгесін коресіңдер! -деп Сәния жымиды.

-Қыз ба, жігіт пе?

-Ана 302 Қарлығашы болар? -деді Айжан. Сәния үндемей шәй жасай бастады. Дастарханға барын койып, шәйін демдеді. Қыздар тұрып, жуынуға кетті. Сол сәтте бөлменің есігін Мұрат қақты. Сания есік ашты. Мұрат екен.

-Төрлет, Мұрат! Отыр, мынау менің төсегім, -деп Сания терезе жақтағы жатын орнын көрсетті.

-Үстелге отырайын, рахмет! -деп Мұрат дастархан басына отырды. Бөлмеге Ырысты мен Айжан кірді.

-Мәссаған, Сания қонағың Мұрат па? -деп таңырқады екі қыз.

-Иә, қыздар, мен! -деп күлді Мұрат.

-Қызық екен,-деп Айжан көзін Санияга бір төңкерді.

-Қыздар, сендер не адам көрмегендей, келіңдер, шәй ішейік?! Бәри отырып шәй ішті. Олар жастық өмірдің қызықтарын айтып, келе жатқан сессияны да ұмытпай, уайымдарымен бөлісіп ұзақ отырды.

-Мұрат, сен маған вышматты бір қарап берші. Кеше түні бойы отырдым. Түк шығара алмадым,-деп Ырысты дәптеріне қарай ұмтылды. Сәния мен Айжан дастарханды жинап, ыдыстарын жууға дәлізге шықты.

-Сәния, Мұратпен қашаннан жақын еді араларың?

-Таңертеңен бастап, -деп жымиды Сания. Қазір закске барамыз, түстен кейін қыдырамыз, кешке той! -деп сықылықтап күлді.

-Кетші, жынды қыз! Сенің-ақ әзілің таусылмайды екен.

-Жай шақырдың ба?-деп Айжан Санияға қулана қарады.

-Жай..телеграфқа бірге барғанбыз таңертең. Қайтар жолда маған пирожки алып берді. Үй-ішіне уайымдайды екен.

-Мұрат жақсы жігіт, арамдығы жоқ. Жағдайы да жоқ. Сонда да саған ілтипат білдірген екен.

-Айжан, мен осы Мұратқа бұрын көңіл аудармаппын. Бар екенін ғана біледі екем. Әлде, біздің топтан болмағасын ба? Түскенде бұл жоқ еді ғой. Әскерден келген бе?

-Ия, әскерден..-Сол күннен бастап, Сәния Мұратты жиі ойлайтын болды. Екі топ қосылып тыңдайтын лекцияларда Мұратты көзімен іздеп тауып алатын. Мұрат та Сәнияны көрген сайын жылы шұрай танытып, әңгімелесе кететін еді. Сол шақтан бастап, олар бір-біріне тартыла бастады. Сабактан кейде бірге шығып, жатаханаға дейін бірге келетін. Санияға Мұраттың бойындағы қарапайым қасиеттері ұнады. Үйін ойлауы, анасына жаны ашуы, өзінде жоқ болса да жомарттығы, мейірімді, ұяң мінезін ұнатты. Күндер зулап өте берді. Сессия басталып, студенттер емтихан тапсыруға кірісті. Мұрат тәп-тәуір математик болып шықты. Бәрі Мұратқа жүгірді. Мұрат курстың жұлдызына айналды.Сәния Мұратқа ғашық өзі ғана емес екенін біле бастады.

-Сәния, Мұратқа ана Арайгүл ғашық екен. Бүгін қыздардан естіп қалдым. Екеуі жүріп жүрген көрнеді.

-Кім айтты?

-Ана топтың қыздары,-деді Айжан.

-Өтірік, сенбеймін,-деді ашуланып Сәния. Көңіліне күдік ұялатып алған ол, уайымдай бастады. Өзі көз жеткізуді ойлады. Арайгүл сұлу қыз екенін көріп жүр.

-Ия, Арайға жету бізге қиындау... досым-ау..көрерміз,-деп Сәния ойлы көзін терезеге қарай тастады. Қыз іштей "..осы жігіт қана маған жақсы жар бола алады, ішім сезеді"- деп ойлайтын. Өзінің оны сүйіп қалғанын өзіне әзер мойындаған. Жаңа жыл кешіне дайындық басталды.

-Қыздар, киетин дыыым жоооқ! Ал, не істеймін мен? Ақша да жоқ! Үйдегілер де жоқтан басқа ештеңе айтпайды ғой.

-Ырысты, кеше ғана салған жоқ па, осы сен ақша жұмсауды білмейсің, үнемдеуді үйренетін уакытың жетті ғой. Қалада жүргеніңе үшінші жыл!-деді Сәния.

-Сәния, дұрыс айтады.

-Ия, ия, енді не кием сонымен, кыздар! Бармаймын! Сендерде көйлек бар.

-Қорқыттың!-деп Айжан күлді.

-Күліңдер..Қуат баска кызды тауып алатын болды. Өзі айтты.

-Тоқта! Менде мата бар карайыкшы. Мүмкін тіктірерміз. Айжан шамоданын ақтара бастады. Таба алмай әлек болды.

-Таптым, кыздар! Караңдар!

-Қайсы?

-Болады ғой,-деп шуласты қыздар.

-Калай тіктіреміз? Ол да ақша емес пе?

-Сенде қанша бар? Қосайык, Айжан!

-Рахмет, қыздар!-деп Ырысты мәз болды.

-Енді сәнін ойластырайық. Мода журналы кайда ана жолғы? Үш күннен кейін Ырыстың көйлегі дайын болды. Неге екені белгісіз, Сәния осы кешке үміт артты. "Жаңа жыл сиқырлы шақ. Бір ғажап болса екен. Мені биге Мұрат шакырса екен. Ол Арайгүлге емес, маған ғашық болса екен.." -деп іштей тілегін төгіп жүрді. Кеш басталып, айнала жайнаган жандар, залдың ортасында сәнді шырша.

-О, қыздар! Қандай сұлу болып кеткенсіңдер! Ғашық болып қалам-ау осы біреуіңе! -деп алдарынан атып шыккан Алмасқа Айжан:

-Үш жыл ғашық болмаған, енді бола қоймассың!

-Неге, бола салам! -деп Алмас күлді.

-Ия, солай ғой.. Сендердікі бола салам, сосын қоя салам..

-Жаңа жылдарыңмен, қыздар! Өте сұлуланып кетіпсіңдер!Төрлетіңдер! -деп топ старостасы Нұрлан қыздарға отыратын орындарын көрсетті. Қыздар өз орындарына келіп жайғасты. Кеш басталды. Булардың үстеліне тағы курстастары келіп отырды. Факультет басшысы сөз сөйлеп, студенттерді құттықтады. Сәния кіргеннен Мұратты іздеген. Бірақ көре алмады. Шеттеу үстелде Арайгүл отыр екен. Қаланың кызы ғой. Сұлулығын Сәния мойындайтын. Бірақ білім жағынан орта еді. Сүйріктей сұлу мүсініне көйлегі қандай жарасымды. Кұдды артиска дерсің.. Шашы да өте әдемі түйілген екен. Сәния сәл қарап отырып, басын келесі жаққа бұрып еді, өзі қысылып қалды. Көзін тура өзіне тігіп отырған Мұратты көрді. Сәния сәл ыңғайсызданып, тез есін жиып, Мұрат жаққа қарады. Бұл жолы Мұрат Арайгүл жаққа карай бұрған.

-Қыздар, мә, ана көкем, ән айтады екен ғой! -деп Ырысты басын сахнаға шолтаң еткізді

.-Кім? А,Назира ма? Жыным ұстап қалады осы қызды көрсем! -деп Айжан тыжырайды. Бояуды да жаққан екен.

-Қойыңдар, қыздар! Бізде де аз емес сол бояу,-деп Сәния қыздарын басты.

-Менің Куатым қайда отыр екен? Ол әлі көптің көзінше маған жакындай алмайды. Мамасы өте ұялып туған бұл баланы. Енді менің сорым. Биге де өзің шақыр деп кеткен,-деп Ырысты жан-жағына карады. Қыздар күлді. Алдарында тұрган лимонад пен торттан ауыз тиіп, қыздар биге көтерілді. Ырысты Куатын тапты. Сәния мен Айжан да би ортасына жақынды. Бір уакытта Айжан Сәнияны түрті. Бұрышта Мұрат пен Арайгүл тұр екен.

-Көрдің бе? -деп Айжан Сәнияға жақындады.

-Иә, көрдім.. Қайтем енді?-деп Сәния қабағын түйді. Сәлден кейін Айжан тағы ымдады.

-Тоқта, Арайгүл жоқ. Ол бізге жакындап келеді. Айжан айтып болғанша, Мұрат қыздардың қасына келіп те қалды.

-Салем, кыздар! Жаңа жылдарыңмен!-деген Мұратқа Сәния жалт қарады.

-Аа, сәлем! Рахмет! Бірге болсын! -деп Сәния сасқаннан шашын түрткілей берді.

-Көңіл-күйлерің калай?-деп Мұрат қыздарға жақындай сөйледі. Дискотеканың кызған кезі еді. Қатты музыкадан есту киындады.

-Жақсы, көңілдіміз! -деп Айжан Сәнияға қарады.

-Енді,тіпті көңілденетін болдық,-деп Айжан Сәнияға көзін кысты. Сәния Айжанға қабағын түйді. Сәлден кейін Айжан бұлардың қасынан кетіп басқа кыздарға косылды. Вальс би басталып, Мұрат Сәнияны вальске шақырды.

-Сәния, бүгін кұлпырып кетіпсің!

-Рахмет!Өзің де сүйкімді болып тұрсың. Сәния Мұратпен билеп жүргеніне өзі әлі сене алар емес. Бұл оның тілегі емес пе еді.. Орындалды! Қыздың жүрегі жиі соғып, өзіне естіліп тұрды. Денесін ұстай алмай қазір сылқ етіп отыра кететіндей күйде еді. Жылдам би басталып оны да екеуі билеп тастады.

-Сәния, сыртқа шығып келсек қайтеди?

-Шығайық, жүр,-деп олар топтың арасынан итере өтті. Екеуі фоэеге шығып, шуылдақ залдан әрірек кетіп орындыққа отырды. Сәл үнсіздіктен кейін Мұрат әңгімеге тартты.

-Сессия қалай, ойдағыдай тапсырып жатырсың ба?

-Ия, әзірге бір төрт. Өзің ше?

-Мен де сол төрт пен бес.

-Ауылға бірден кетесің бе? Билет алдың ба?-деді Сәния.

-Жоқ әлі, аламын ғой, -деп Мұрат Сәнияға ойлы көзімен бір қарады. Бірдене айтқысы келгендей емеурін танытты да, үнсіз қалды.

-Сәния, ертең кешке боссың ба?

-Білмеймін. Ия, әли жоспарлаған жоқпын ештеңе. Тек поезда бірге келген бір әжем бар еді. Сол кісіні кұттықтап шығамын. Жақынымдай болып кеткен.

-Онда бірге кұттықтайық та, сосын қыдырайық, мүмкін киноға барармыз?

-Жаксы,-деп қыз келісімін берді. Екеуі сәл отырып, ішке кірді.

-Мұрат, жүр біздің үстелге отырайық. Олар үстелге жақындай бере Ырысты мен Қуаттың отырғанын көрді.

-О, достар! Төрлетіңдер! -деп Ырысты жымиды. Қасындағы Қуат та үнсіз күлімдеді.

-Сәния, қалай жағдай? Ертегі елінде жүрмін деп ойлап жүрген боларсың. Ойдағылар іске асып,-деп сыбырлаған Ырыстыны Сәния санынан шымшып алды.

-Ия, Муратик, сенің жағдайын да жаман емес қой. Біздің сұлумен.

-Сен де қалыспапсың, біздің Қуатпен,-деп Мұрат Қуатқа қарады.

-Ее, ия енді бізде кеп қалдық,-деп Қуат айыпты адамдай төмен қарады.

-Айжан қайда, Сәния?

-Білмеймін, мана қасымда еді, бір сәтте жоқ боп кетті,-деп Сәния жан-жағына қарады.

-Түн ортасында жатаханаға оралған қыздар коңілді еді.

-Ой, қыздар, кеш керемет өтті, а? -деп Ырысты керуетіне құлай кетті. Шамды өшіріп, қызу талқылауға кірісті.

-Ал, Сәния, баста! -деп Айжан Сәния бірден бас салды.

-Қыздар, ол мені ертең кездесуге шақырды!

-Қойшы, оо, шаруа біріңғайланыпты ғой,-деп Ырысты дауыстадып.

-Қыздар, жаңа жылғы тілек орындалады екен ғой. Мен осы күндері онымен вальс билесем екен, -деп тілеп едім, орындалды ғой.

-Айжан, сен қайда кетіп қалдың?

-Мен разведкада болып, көп мәлімет жинап келдім ғой, Мұратқа қатысты.

-Қойшы, қане айтшы! -деп Сания төсегінен атып тұрып, шам жақты. Айжанның төсегіне барып отыра қалды.

-Ана, Арайгүл өзі жүгіреді екен артынан. Саған дейін екеуі киноға барыпты. Бірақ сені жақын тани бастағасын ойын өзгерткен болу керек. Арайгүлден қашқақтай бастапты. Мана қасына келген Арайгүлмен жөнді сөйлеспегесін, ол ренжіп кетіп қалыпты.

-Айжан, сен қандайсың, күштісің, менің жанымсың, жан досымсың! Мен бақыттымын! Армандарым орындалып жатыр.

-Қыздар, жыл жақсы басталды, -деп Ырысты атып тұрды. Олар тағы біраз отырып, шамды өширді де тәтті ұйқыға кетті. Бірақ таң болса атқан еді. Тал түсте көзін ашқан Сәния, кешегі күн түсім емес пе екен деп сәл ойланып жатты да жан-жағына қарады. Қыздары қорылдап ұйқыны соғып жатыр екен. Бұл бөлмеде ұйқыдан қай уакытта да бірінші тұратын Сания еді. Сосын қалғандарын тұрғызам деп жаман болады да жүреді. Бүгін Сәния оларды оятпады. "Ұйықтасын ал мен тамақ пісірейін. Кешеден аш қой,-деп ойлады.

-Қыздар, тұрыңдар, тамақ пісірдім, иісі барып жатыр ма? -Ооо,алтыным! Осы сенің менің анам кұсап, үнсіз тамақ пісіріп, оятатының керемет қой,-деп керілді Айжан. -Онда тұрыңдар! Суып қалады.Сен қазір кетемін. Білесіңдер ғой. Бөлме тап-таза болсын мен оралғанша. Сәния киініп, асығыс төмен түсті. Жатахананың Ленин залында Мұрат отыруы тиіс еді. Солай қарай тездетіп адымдай жүрді.

-Мұрат, сәлем!

-Сәлем, Сакон! Жүр кеттік пе?-деп Мұрат жымиды. Олар аялдамаға жақындады. Екеуі жаңа келіп тұра бергенде, ол жерден Арайгүл мен тағы бір кұрбысын көрді. Арайгүл екеуіне жаман көзін бір төңкерді де теріс қарап тұра берді. Сәния ыңғайсызданып қалды. Бірақ білдірмеді. Ал, Мұрат болса, басын изегендей болды. Алайда, Арайгүл басын оларға бұрмады. Бұлардың автобусы келіп, жүгіріп отырып кетті. Арайгүл туралы әңгіме қозғалған жоқ. Олар үйді тауып, әжейдің есігін қақты.

-Әже, бұл мен ғой! -деп кұшақтай алды.

-Айналайын, төрлет, рахмет келгендеріңе! -деп әжей күйбиеңдеп шәй қоя бастады.

-Әже, мынау сізге орамал. Ал мына тортпен шәй ішейік. Әжесінің шәйін ішіп, олар көшеге шықты.

-Сәния, қайда барғың келеді? Киноға ма?

-Ия, барайық!-деп Сәния жымиды.

-Сәния, мен саған бір нәрсе айтсам деп тұрмын.

-Айт, Мұрат! -деді Сәния.

-Мен сені сүйемін! -деп айтып үлгерген Мұратға Сәния тұра қарады.

-Мұрат, сен де маған ұнайсың! -деп Сәния көзін жасырды. Мұрат жақындап келіп, Сәнияның шиедей ернінен сүйді. -Мұрат, сөзіңе тұрасың ба?

-Әрине, сен ерекшесің, Сәния! Мұрат Сәнияны кұшақтады. Сәния қуаныштан жарылып кете жаздады. Алайда көкейіндегі сұрақты қоюға тәуекелі жетпеді. Олар түні бойы қыдырып, жатаханаға таң ата келді. Жатаханаға кіргесін Мұрат Сәнияны бөлмесіне дейін шығарып салды.

-Ай, қыз қайда жүрсің қаңғып?!

-Жүрім ғой, Мұратпен.

-Қыздар, тұрыңдаршы! Мен бірдеңе айтамын.

-Ту, мына қыз соңғы кезде бізді тіпті ұйықтатпайтын болыпты. Ертең емтихан, онсызда 6-да тұрамыз. Бүгін тыныштық бер,-деді Айжан.

-Мұрат мені сүйеді! -деп айқайлап жіберді Сәния.

Екі кыз да көздерін ашып, Сәнияға қарады.

-Жақсы болды ғой. Енді сені 226 секцияға ұзататын болдық қой. Соларды таңмен оятасың,-деп Ырысты басын көтерді.

-Жұғысты болсын, достым! Сонымен Мұрат де!-деді Айжан.

-Бірақ, қыздар ол ауысып кетеді ғой.. Жазда қалай жүрем?-Қалай осы күнге дейін жүрдің, солай жүресің. Оқуыңды бітіресің, -деп Айжан Санияны құшақтады.

-Ммм, түнімен не істедің, жүгенсіз қыз, -деп Айжан қабағын түйді. Енді сүйеді екен деп, ақылыңнан айырылып жүрме.

-Айчик дұрыс айтады,-деп Ырысты қосылды.

-Қыздар, әрине.. -деп Сәния төсегіне кұлай кетті.

-Ал, сендер тұрыңдар, ал мен ұйықтаймын. Сәния жата сала ұйқыға кетті. Ол ертеңгі емтиханды тапсырмайтын. Автомат алған. Ертеңіне қыздар емтиханға кетті. Алдарынан тамағын жасап, күтіп отырған Сәнияға, қыздар көңілсіз жаңалык ала келген.

-Қалай, тапсырдыңдар ма?-деді бірден кіріп келген қыздарына.

-Жақсы, төрт екеуімізде де.

-Сакон, Мұратты көрдік. Емтиханды бірінші тапсырып кетті. Бес алды. Ол кетейін деп жатыр ауылына. Билетке бара жатыр.

-Неге, әли ерте гой. Бір жеті бар ғой,-деп орнынан Сәния атып тұрды.

-Үйіне асығыпты. Мамасы ауруханаға түсіпті,-деп Ырысты Сәнияға зачеткасын берді. Сәния зачеткасын ашып, карады. Ол экономикадан алган автомат бесіне де қуана алмады. Өйткені, ол Мұратты уайымдай бастады. Айжан мен Ырысты Сәнияның тамағын ішуге кірісті. Сәния болса алдындағы тамақты шұкымады да. Ол Мұратты ойлады.

-Ей, қыз! Неге ішпей отырсың? -деген Ырыстының дауысынан ойға шомған Сәния селк етті.

-Жоқ, іштім, тойдым,-дей бергенде:

-Өтіриі айтпа, сен бізсіз тамақ ішкен емессің, қане тамақтан! Сосын да уақыт жетеді ой ойлауға.

-Саконтай, неге көңіл-күйін түсіп кетті? Қазір кездесесің, білесің бәрін.. -деген Айжанға қарап отырған Сәния көзінен жас шығып кеткенін байқамай қалды.

-Мына қыз жынды болар? Әлден мынау, арты не болма сонда? -деп Ырысты Айжанға қарап еді, Айжан ымдап, қабағын түйді.

-Жоқ, мынау тұра алмас шынында да Мұратсыз. Күнде көлдетіп отырады ғой. Еріп кет бірге.. Олар Сәнияны жұбатып отырып, оның болашақ өмірін ертегідей етіп суреттеп берді. Кешке таман Сәния шыдай алмай Мұратқа өзі барды. Мұрат ертеңгі автобусқа билет алып жинақталып жатыр екен. Мұрат Сәнияға үйінде болған жағдайды айтып берді. Әкесі мас боп келіп анасын қатты соққыға жығыпты. Анасына пышақ салып алған екен. Операция жасалыпты. Жағдайы бір қалыпты екенін Мұрат толқып баяндады.

-Мұрат, мен айтпаймын ешкімге.

-Деканатқа хабарлапты ол жақтан. Бүгін декан шақырып бәрін айтты. Мұраттың қолдары дірілдеп кеткенін байқаған Сәния өз қолымен оның қолын ұстай алды.

-Уайымдамашы, Мұрат! Бәри жақсы болады! Анаң жазылып кетеді. Мұрат, бетін басып отыра қалды.

-Мұратжан, уайымдамашы, жаным! Мен де қатты өкініп отырмын. Мамаң тезірек жазылып кетсін.

-Өлтірем, барғасын ана айуанды! -деп Мұрат жұдырығын түйді. Сәния шошып кетті.

-Мұрат, тек осыны істемеші! Ол сенің әкең! Қандай болса да. Сен енді оны түзей алмассың. Мұрат, өтінем! -деп Сәния жылап жіберді. Мен сені сүйемін, Мұрат мені де ойлашы! Біз екеуміз көп жүрмедік. Бірақ оның маған керегі де жоқ. Бірге телеграфқа барып келгеннен кейін мен сені көңілімнен шығара алмадым. Тек сені ғана ойлаймын. Мен болашағымды тек сенімен ғана жоспарлағым келеді. Соны есіңде сақташы! Мұрат Санияны кұшақтады.

-Екеуміз үйленейік, Сәния!

-Әрине, үйленеміз. Оқуды бітірейік. Мұрат Сәнияға үйінін телефонын берді. Сәния өзі хабарласып тұратынын айтып екеуі қоштасты. Таң ата Мұрат Таразға қарай автобусқа отырды. Бір аптадан кейін Сәния да Оралға поездға отырды. Ырысты Атырауға, Айжан Қызылордаға, ауылдарына кетті. Сәния үйіне келмегелі жарты жыл болған. Үйін, анасын, бауырларын сағынып қалыпты.

-Қызым, жүдеп кетіпсің ғой. Сабағың ауыр ма?

-Жоқ, апа, үйрендік қой. Алғашқы кезде қиын еді. Қазір бәрі оңай. Жеңешем, өзгеріп кетіпті, жанары мұңлы. Күлсе де ар жағында мұң бар, апа!

-Қайтсін, уайымдайды ғой.

-Жұмыска шықты ма?

-Шықты. Сәния туған үйін көріп, көңілі көтеріліп, бір сәт бәрін ұмытты.

-Неше күнге келдің, Сакон? -деген ағасына Сәния:

-20 күндей.

-Сессияны қалай тапсырдың?

-Жақсы, бір төрт.

-Жұмысың қалай, аға?

-Жұмыс бұрынғыша. Дұрыс, дем ал! Күш жина! Кластастарыңда келіп жатқан шығар. Бір-екі күн Сәнияның Мұратқа соғатын шамасы болған жоқ. Ойында жүрсе де, үйдегілерден ыңғайсызданды. Үйде өзі қалар шақты күтті. Үй шаруасын өз мойнына алып, жеңгесіне көмектесті. Көптен күткен сәті түсіп, Сәния Мұраттың үйіне телефон соқты. Көпке дейін ешкім көтерген жоқ. Тағы соқты. Бір қыз бала алды. "Қарындасы болар" -деп ойлады Сәния.

-Сәлем, Мұрат бар ма?

-Бар, сіз кімсіз?

-Бірге оқимыз, -деп Сәния ыңғайсызданып қалды.

-Алло,тыңдап тұрмын.

-Алло, Мұрат? Қалайсың?

-Сәлем, Сәния! Қалайсың?

-Жақсы, Оралдамын. Ауылға келдім. Олар ұзақ сөйлесті. Сәния Мұраттың анасын үйге шығарғанын, анасының әкесі кешірім сұрағасын кешіргенін білді. Үйге біреу кіргендей болғасын, Мұратпен қоштасып, телефонды қоя салды. Жеңгесі келген екен. Сәния жеңгесінің жігіт туралы сұрағына бар деп жауап берген еді. Сәния Мұратпен қалай таныскандарын айтып берді. Үйіндегі жағдайын да айтты.

-Үй жағдайы қиын екен, Еркетай! Абайла! -деп жеңгесі ақылын айтқан. Сәния тағы бір күні соғып еді, телефонды ешкім көтермеді.Сәния екі аптадан кейін оқуына оралды. Мұратпен бир-еки рет сойлескен.Алайда, Мурат келип сабагын жалгастырмады. -Кыздар,Мурат неге келмей жатыр екен? Бир апта отти гой. Ертен прогул деп жибермей койса сабакка.-Уй-жагдайы калай еди? Не деп еди ози? -деди Ырысты. "Жаксымыз.Анамды ауруханадан шыгарды"-деген.-Мен ертен барып, сойлесип келейин.-Билсе, деканат биледи. Ертен барып сурайык-деди Айжан.Сания ауели деканаттан билип алгасын сойлеспек болды.Кешке жакын досы Ардакка келди. Ол Муратпен болмеде бирге туратын.-Салем,Ардак! Мураттан хабарын бар ма?-Жок.ауысамын деп журди гой. Мумкин жалгастырмайын деген шыгар.-Хабар билип жатсан айтшы маган. -деп Сания болмесине котерилди.Ертенине Айжан екеуи деканатта отыратын Аселге келип сурады.Ол да азирше ештене билмейтинин айтты.Тобынын старостасы Раушан да бейхабар болып шыкты.Сабактан кейин айжан екеуи Муратпен сойлеспек болып, поштыга келди. Уйинин номири жауап бермеди.-Айжан,бирдене болган гой. Журегим жамандыкты сезип тур.-Токтай тур. Телефон котермегеннен жамандык деп. Мумкин кошип кеткен шыгар баска уйге.-Тек жаксылык болса екен-деп Сания жол бойы уайымдаумен келди. Сания енди кун санаумен откизди. Почтага кун ара барып, телефон сокты. Бирак ешким телефон котермеди.Арада тагы уш апта отти.Сабакта отырган Саниянын касына келеси топтын старостасы Раушан кенет жетип келип: -Сания,сен Муратты издеп един гой. Ол енди окымайды бизде.-Неге?-деди Сания сабыр сактап. -Ол ауруханада жаткан корнеди. Мугедек болып калыпты.-Калай,мугедеги неси?-Билмеймин.Деканаттан солай деди.Сания тил катпай отырып калды. Ол басталган лекцияны тындаган да,жазган да жок. Касына келип озине сойлеген топтастарын да естимеди.Сонгы рет телефон сокканда:-Сания,екеумиз косыла алсак жаксы болар еди. Менин отбасым оте киын жагдайда. Окуымды да тастап кетпей битиру керек. Карындастарыма да бас коз болар адам керек. -Бари жаксы болады, Мурат бул киыншылыкты екеулеп женемиз али. Комек керек болса айт.-Олтирем,сол айуанды! анама кол котерди! -Мен сени суйемин, Сания! Сен ерекшесин!Саниянын токсан минут бойы ой елеги осындай еди.-Сакон,сабак битти, жур! -деп турган Ырыстынын дауысынан есин жиган еди.-Мен поштага барып келейин. Келеси сабакка бармаймын-деп Сания асыгыс жугире жонелди.Поштага келип узак отырды. Кайта-кайта уйинин телефонын теруден шаршады. Жан баласы телефонды котермей койды.Кыз кеш бата поштадан шыкты. Козиндеги жасын кайта-кайта суртумен болды. Не болды екен, Муратка? Кайдан билемин енди? Не истеймин? -деген кокейиедеги сурактарга жауап таба алмай, жаяулатып жатаханага жетти. Болмесине кирди де, суйретиле басып,керуетине кулай кетти.Болмеде кыздар жок екен.Шуласа бир топ кыз болмеге кирди. -Сакон,кайда болдын? Поштада ма?-Кыздар,конил-куйим жок. Басым да катты ауырып жатыр, сосын -деп Сания терис карап жатып калды.Апа,калайсын? Жаксымысын? -Жаксымын, кулыным! Озин калайсын? Окуын жаксы ма?-Апа,не болды? Акем истеди ме?Калай истеди муны, онбаган!-Ия,улым! Акенди билесин гой. Ишеди. Сол ишип алып, истеген иси гой. Казир милицияда.Кыздар, Ажардын уйинде. Барып, уйге алып кел. Озин кара. Ажар да жумыста гой.-Жаксы,апа! Кешируши бол ма, сотталсын, анау!-Кой,акен гой.Калай соттатамын?-Апа,Ол сени аяган жок кой, сен неге аяйсын осы?Кеширим беруши бол ма! Не жаксылык кордин содан сен, айтшы!Бир аптадан кейин анасы уйге шыкты. Акеси ишине пышак тыгып алган екен.Алайда, Зейнеп куйеуине кеширим берип, ол уйге оралган.Сол саттен бастап аке мен баланын арасында унеми урыс, тобелес басталды.-Ишуди кашан койып, адам боласын, аке?-деген Мураттын созине акеси: -Сен кушик, маган акыл айтпа! Озим билем!-Билгенин мынау ма?Анамды олтире жаздадын! Енди котер колынды, озим балтамен шауып тастаймын!-Сен акене не деп турсын?-деп акеси Муратка жудырыгын ала умтылды. Екеуинин арасында тобелес басталды.Еки карындасы шырылдап далага кашты. Олар мектепте окитын.-Айналайындар,коя койындаршы!Мурат! Акеси!-деп ортада ишин устап, шырылдап анасы Зейнеп журди.Анасынын устаган жеринен кан кетип жатты.Сания бул жагдайды катты уайымдап, сабак окуды, тамак ишуди койды.-Сакон,озинди колына алсайшы! Сабагын да томендеп кетти гой.Сабакка баруды койдын.-Ия,кыздар, конил-куйим жок. Окыгым да келмейди. Унеми Муратты ойлаймын.-Енди кайдан табамын оны.-Деканаттан адресин сурау керек-деди Ырысты.-Ия,дурыс айтасын! Ертен деканаттан сураймын.-Ал,типти алганда да, не бармаксын ба?-деди Айжан-Ия,барып келемин, кыздар! Жагдайын билейин. Неге уйи котермейди телефонды. Мен кун-ара поштага бардым.-Катты суйип калыпсын гой-деп Айжан Санияны кушактады.-Кайтпайтын кайсар кызсын гой. Бари жаксы болады-деп Ырысты тизерлеп отырып, Саниянын жубата бастады.Ертесине кыздар деканаттан Мураттын адресин алды.Еки кунге сабактан суранып, Сания Таразга жол тартты. Ырысты мен Айжан шыгарып салды.Жол бойы коз илмеди. Бир жагынан катты сагынган, ал екинши жагынан кудиги басым. Келгенин Мурат каламаса ше? Не осы кунге дейин бир хабарын бермеди маган. Бирак жагдайы казир киын гой. Ол мени ойлайтын жагдайда емес болар-деген ойдын шырмауына тусип кеткен еди. Сания Тараз каласынан тусип, одан ари автобуска отырды. Автобуспен тагы биршама уакыт журип, Мураттын ауылына жетти.-Кешириниз,мына кошени айтып жибермейсиз бе?-деген Санияга, танкалып караган жигит агасы: -Кошени билмейм, ал кимнин уйи керек соны айтсан, билуим мумкин-деди.-Мурат Жоламановтын уйи керек.-Сен кимисин? -деп сурак койган кисинин тури озгерип коя берди. -Танысымын Муратпен бирге окимыз. Жандайын билейин деп келдим.-Ее,жагдайлары... Озин корсин гой. Ана уй солардики. Ал одан ари тагы бир-еки уй ари жур. Темир какпа тур алдында, шешесинин синилиси турады. Оларды сонан табасын.Сания ит урген темир какпага жакындады. калай кирерин билмей бираз ауре болды. Кагып еди, ит одан ари урип, кыздын заресин алды. Бир уакытты ар жагынан"Бул ким?" -деген айелдин даусы естилди.-Муратка келип едим. Бирге окимыз.-Кириниз,ол уйде.. торлетиниз,-деген улкендеу айелдин даусы шыкты.есинин даусы шыккасын ит те уруин койды.Сания уйге карай кадамын ширата басып, озин сенимди устап кирип келди.Карангы дализден шам жанып турган болмеге карай акырын жан-жагына карап, Сания жакындай бастады. Болмеге кирди. Торде керуетте Мурат жатыр екен.Ол Санияны корип, шошып кетти. Саскалактап, басын котерип, жан-жагын тузете бастады.Турмак болды. -Сания,сен бе? Кайдан журсин? Мени кайдан таптын? -деп сурай бастады. Сания болса тосегинин жанына отыра кетти.Карсы алдында куп-ку, жудеп кеткен Мурат жатты. -Саган не болды, Мурат?-деп колын озинин жумсак алакынымен кыса устады. -Сенин жандайынды естип келдим. Бул калай болды ози?-Ия,осылай казир жагдайым.Достар, устаздар калай? -Жаксы,курстастар салем айтып жатыр. -Мине,карашы биздин кыздар саган не берип жиберди.. Сания базарлыктарын шыгарды. Апкеси шай жасады.Сания дастархан басына отырды. Карсы орындыкта Мураттын апкеси жайгасты. Ол отыздан аскан адеми келиншек екен. Муратка да бет алпети келеди екен.Басындагы орамалды катты кылып орай байлапты. Басы аурган сиякты.Кози киртип кеткен. Уйдин шамы комески тартып, ала -коленке болып тур. Жупынылау дастарханга Сания акелгендерин койды.-Апке,мынау базарлыгым еди. Кыздар кайда?-Рахмет,алтыным! Неге ауре болдын?-Апке,басыныз ауырып отыр ма?-Ия,куни бойы ауырды. Бир басылмай койды.Тунделетип, корыкпай калай келдин, батыр кыз? Атын ким?-Сания.Оралданмын. Муратпен бирге окимыз. Доспыз.-Булардын жагдайы осы. Апкем кайтыс болды. Кансырап, кайта тускен ауруханага, содан инфекция жиберип алыпты. Ем конбай, сандырактап жатып коз жумды. Мурат акесин олтирмек болып,мылтык ала жугирди. Азер айырдык бир-биринен.Катты кузелистен аягы баспай калды. Содан кейин жездемиз еси кете ишип,оз корасында ортенип олди.Сонын бари жуйкесине асер етти ме,Муратжаннын... Даригерлер журип кетеди деп отыр. Жаксы кутим мен конил-куйи болу керек дейди. Кыздарга да обал болды жетим калды. Мектепте окиды. Гулнар 7 класта, Анар 4 класта. Кайран, апкем ай! Кайтейин.. Не корди сорлы, тек бинеттен баска. Берме, кеширим деп шуладык. 40 -тан жана асып еди. Ал, арты мынау.. Азирше менде. Бирак уйлерине баргылары келеди. Жибермей отырмын. Муратка кутим керек. -Кешириниз,Мурат айтпады. Иманды болсын!-Шай ишсенши, тонып калган боларсын. Кун суык.-Апке,Мурат окуын оки алады гой? -Билмеймин. Азир жок кой. Ози де сырттайга ауысам деп жур еди.Бир кесе шайын азер тауыскан Сания, Муратка шай апарып бермек болды.-Мурат,шай ишесин бе, таттилермен? -деп Сания Мураттын басын суйеп, бииктетти.Акелген таттилеримен шайын берди.-Мурат,ананын жаткан жери жарык болсын! Оте окиништи! Мурат ундемей, козин томен тусирди.Онын жаны аурып жатканын Сания тусинди.-Кайтар билетинди алдын ба? -деди Мурат. -Ия,ертен кешке..-Ия,дурыс. Рахмет келгенине.Окуды сырттайга ауысамын ба, алде академиялык демалыс аламын ба, билмеймин. Онда да журип кетсем аягыммен. -Журесин,Мурат! Мен саган сенемин!-Мен келип турамын,Мурат!-Сания,енди келуши бол ма? Есинде болсын, мен аягымнан турсам гана екеумиз косыламыз. Тура алмасам, бирге болмаймыз.-Бул не дегенин, Мурат?!-Сенин бул жагдайын уакытша, журип кетесин! Биз али бакытты гумыр кешемиз!Ондай тандау коймашы, Мурат, отнем. Мен сени жанымдай жаксы коремин. Мен ардайым бирге болгым келеди.-Арба суйреп жас гумырынды, осы ауылда откизейин деп пе един?-Сенин жанында болсам болды маган. Ол ауыл ма, кала ма, алде типти Марс па, маган барибир.Мурат ундемеди.Ол тек мына омирдин кандай адилетсиз екенин ойлады. Сорлы анасын, арак ишип,арпалыспен омири откен акесин ойлады. Еки карындасынын кинаси не? Енди жетимдиктин азабын тартады. Сания..Оны той жасап, ак койлек кигизип, анасына алып келетинин жии ойлайтын. Анасы есимин естип кеткен. Батасын да берген.-Жалгызым,кызынды алып кел жазда, таныстыр.Сенин бакыт кусынды мапелеп, алаканыма салып багамын гой.. Мураттын козинен жас акты.-Бари жалган, бари сагым болды!-деп Мурат айкайлап жиберди. Бетин басып дауыстап жылай бастады.-Мурат,жаным-ау,жыламашы! Мен касындамын. Калайын ба? Кал десен, каламын.. Болды, саган уайымдауга болмайды гой.Ас болмедан апкеси келди. Екеулеп тыныштандыра бастады. Сания бирге косылып жылады.-Сания,кет, бул жерден, енди келуши болма, хабарласпа! Бакытын мен емес! -деп Мурат Саниянын колын итерип жиберди.Ертенги куни де Сания Мураттын касынан шыкпады. Колынан келгенше тамагын берип, киим-кешегин жуып, болмесин тазалады.Карындастарымен танысты. Далага шыгып олармен сырганак та теуип улгерди. Мураттын апкеси Санияны катты унатып калды. -Сания,сени апкем коре алмады-ау..Балаша куанатын еди. Бакытты бол!-Мен тек Муратпен бакытты сезинемин озимди, Сабира апке! -Мен де соны калаймын, тилеймин, Сания! Бирак Мурат бакытын иыгынан ушырып жиберейин деп тур гой. -Жок,апке! Менин конар уям осы.-Жур,онда уянды корсетейин. Куты кашты. Алайда оны кайтару сенин колынан келеди деп ойлаймын. Мен комектесемин гой.Екеуи Мураттын оз уйине барды.Уй улкен екен. -Осы уй.. азып кетти. Актап алу керек. Тазалау керек.Сания болмелерди корип, бир сат коз алдына у-шу болып жугирип журген балалардын дауысын естигендей болды. -Маган осы уйдин келини болып киру жазса, мен озимди ен бакытты адаммын деп санаймын-деди ол Сабирага.Кешке карай ол кетуге дайындалды.Сабира ауылдын дамин салып берди.Тор болмеде жаткан Мураттын жанына келип отырды. -Мурат...-Жолын болсын, Сания!-Мен келемин.. -Жок!-Неге?-Мен сени суймеймин! Сенин маган керегин жок. -Мурат,мен келемин тагы коктемде..аягына турып кет!Жаркын болашакка умит артшы,сенши маган-деп енкейип бетинен суйгиси келип еди, Мурат бетин ала кашты.Сания орнынан турып кетти. Сабира мен кыздар оны автобус журетин аялдамага алып келди. -Саган бир кун болса да бауыр басып калдык-деп Сабира козине жас алды.-Хабарласып турамын, апке! Коктемде келип кетемин.Ал,кыздар,сау болындар, сабактарынды беске окындар! Агаларына карандар! Сания кыздардын бетинен суйди. Сания деканаттын телефонын берди. Бирдене болса, хабарласуын отинди. Автобуска отырып, терезеден кол булгады. Алда узак жол! Ойланатын, ойга алатын нарселер коп.. Кара жол.. Мурат, суйиктим, келеси келгенде аягына туршы! Итермеши мени, омиринен.Мен сени ен бакытты жан етемин! Сенши маган..Сания калага шаршап, конилсиз келди. Поездан тусип, жатаханага дейин таксиге отырды. Болмесине кирип, шешине сала шай койды. Басы катты ауырып, шыдатпагасын,шкафтан дари издеди. Бир кесе шайын ишип, жатып калды.Тусте сабактан Ырысты мен Айжан оралды.-Сакон,келдин бе, айтеуир аман-есен!Биз катты корыктык-деп екнуи кушактай кетти. Кыздар, тамак истеп, дастарханга санияны тургызды. Дастархан басында Сания жылап отырып, Мурат туралы айтып берди. Кыздар косыла жылады.-Сания,жагдайы ауыр екен. Бирак сенин калгым келди дегенин дурыс емес. Окуын кайда, уйдегилер не дер еди. онын барин ойладын ба? -деди Айжан.-Мандайына арба итерип журу жазса, онда солай болады. Тагдырынан кашып кутыла алмайсын! Бирак арине окуды битирип, диплом алу керек. Муратка да сол. Ол мыкты математик кой.-деп Ырысты оз ойын ортага салды.Кундер жылжып оте берди.3ай уакыт отти.Жадырап коктем келди. Сания артасвна бир поштпга барып, Сабирамен сойлесип турды.Мураттын жагдайы еш озгериссиз болды. Сания жудеп, карайып кетти. Билим алуга да конил куйи болмады. Багалары томендей бастады.Кураторы саниямен жеке сойлесип, жагдайды билди. Поштага барган сайын Муратпен тилдесейнши деп, сураганмен, Сабира онын сойлескиси келмейтинин айтатын.-Кыздар,мен тагы барып келсем кайтеди, а?-Тек калып койып жур ме? Ырысты сен ерип бар-деди Айжан.Олар демалыска барып келемиз деп шешти.Соны айтайын деп Сания поштага бугин тагы барды.-Сабира,апке! Мен барамын сиздерге.-Аа,жаксы, кутемиз деп ол куанып калды.Ырысты мен Сания поездга отырды.-Сания апке келди, ура! -деп кыздар алдынан жугирип шыкты. Кудды анасы келгендей куанды. Сабира да онын кишкентай улы да секирип, секирип кояды.-Сабира,апке?Мурат кайда?-Ол ауруханада -деп Сабира жузин мунайтты.-Еш озгериссиз. Мулдем жудеп кетти. Аруактай.. Енди олем дегенди шыгарган.-Ауруханага барайыкшы тезетип, апке!Ауыл ауруханасы шагын, дализи тар, палаталарында ауа жок, ески гимарат болып шыкты.Бир палатада 5 адам.Бир бурышта жаткан жигитти азер таныды. Ол Мурат еди.Сания оз козине ози сенбеди.-Мурат,калайсын? -деген Санияга:-Неге келдин? Ким сени шакырды? -деп дауыстады.Сания козинен аккан жасты тия алмай, палатадан шыгып кетти.-Апке,Мурат олуге шак калыпты гой. Оны калага апару керек. Профессор-даригерлерге карату керек кой. Оледи гой.-Айтканмын,конбейди ештене кереги жок деп. Тамак ишпейди. Содан бари. Мен де куни бойы жумыстамын.Бир амалын табу керек. Бирак мени ол тындамайды. Омирден тунилген ол.-Мен каламын, мен Муратты аягына тургызбай кетпеймин-деп Сания Сабирага карады.Калага кайтуга кондире алмаган Ырысты бир ози поездга отырды.Сол куннен бастап, Муратты Сания ози колына алды.Мурат канша карсылык билдирсе де, Сания оз билгенин истеди. Бир айдын ишинде Мураттын бети бери карады. Тамак ишип, конил куйи котерилди.Сания калага сессиясын тапсырып келип, тортинши курска кошти. Сонгы жылында сырттайга ауысты. Муратты да ауыстырып алды. Оралдагы уйине согып, женгесине барин тусиндирди.Анасы катты уайымдап, кызынын артынан келди. Бирак ол да тусинистик танытып, батасын берди. Мурат пен Сания жане еки карындасымен оз уйлерине кошти. Сания оган дейин ол уйди актап, сырлап, тазалап жайнатып койган еди.-Сания, отыршы касыма. Мен сенин махаббатынды багаламапын. Кешир мени.. .Бирак али де тандау оз колында. Мен сенин кай шешиминди де кабылдаймын.-Сени аякка тургызамын деп озиме ант еткенин. Сен турасын! Енбек етип, бизге камкор боласын! Уямызды коргайсын! -деп Сания Мураттын жастыган тузеди.-Карлыгашым,уясына кайта оралган! -деп Санияны кушактап бетинен суйди. Мурат тек еки жылдан кеин аягына турды.Сания Муратка уш бала туып берди.

Соңы.


Comentários


© 2023 by The Mountain Man. Proudly created with Wi

bottom of page