top of page

СҮЙГЕН ЖҮРЕК

  • mazhitova-onash
  • 29 февр. 2016 г.
  • 19 мин. чтения

Таңғы ауамен терең демалып,асыға басып келе жатқан Мұхтар еді.Ол қала сыртындағы ауылда тұратын.Қалаға үш күн үйге қонбаған қарындасын іздеп шықан.Екі түн ұйықтамаған Мұхтар темекімен ұйқысын ашып келеді."Бұл қыз қайда кетуі мүмкін?"-деген ой жетегінде келеді. Жазира биыл 19-ға толды.Қалада колледжда оқитын. Сонғы кезде мінезі өзгерген."Өзім білем"жауабы.Оқуды да тастаған.Емтиханын да тапсырмаганын Мұхтар кеше білді. Кураторы шакырған . -Амансыз ба?Мен Жазираның ағасы едім. -Иә,төрлетіңіз-деп жас оқытушы күлімдей қарсы алды. -Менің есімім Аймекен!-деп қолын созды. -Мұхтар!- деп жігіт қолын алды. -Сізді шақыртқан себебім Жазиранын сабағы нашарлап кетті.Бір емтиханын тапсыра алмады.Сабаққа қатысымы да нашар.Коп жібереді. -Бугін келді ме?-деген Мұхтарға Аймекен таңдана қарап,коргенін айтты. -Қазір мен шақыртамын-деп,кабинеттің есігін ашып,өтіп бара жатқан бір студентті шақырып жұмсап жіберді.Сәлден кейін Жазира корінді.Ол ағасын көріп жиырыла қалды.Қабағын түйіп,бұлданып кірді. -Мұхтар,не істеп жүрсің?-деген қызға: -Қайда жүрсің?Үйге неге келмедің?-деді ағасы. -Бармаймын!-деп Жазира басын томен салбыратты. -Неге?-деп сөзге қосыла кеткен Аймекен Жазираға жақындады. -Сол!-деген Жазираны кұшақтап себебін сұрады. -Кешіріңіз, мен өзім сөйлесейін-деп Мұхтар қарындасын кабинеттен сыртқа шығарды. -Не болды,Жазира?Неге үйге қонбай жүрсің?-деп қабағын шытты. -Ештеңе...қыздарда болдым.Сессияға дайындалдық. -Соны енді хабарлауға болмайды ма?Телефоныңды неге көтермейсің? -Уайымдап біттік қой.Мен сен үшін жауап беремін анамыздың алдында.Сені маған тапсырған. -Мен өзіме өзім жауап беремін.Маған жауап берудің қажеті жоқ.Ана әйеліңе жауап бер. -Жазира,жүр үйге барғасын сөйлесеміз-деп Мұхтар сөзін қайырды. -Мен бармаймын бүгін.Ертең келіп киімдерімді алып кетемін. -Алып кеткені несі?Не болды,Жазира? Данамен ұрсысып қалдыңдар ма? Жазира Мұхтардың сұрағына жауап бермеді. -Сөмкеңді ал да ,жүр!-деп дауысын қаттырақ шығарды.Мен сені осы жерде күтемін.Жазира үндеместен кете берді.Мұхтар қайтадан кабинетке кіріп,Аймекеннен кешірім сұрады. -Кешіріңіз,отбасылық жағдай ғой.Сіздің араласқаныңызды қаламадым. -Әрине ,түсінемін ғой.Бірақ соңғы кезде Жазира қатты өзгерген.Бұрын жайдары қыз еді.Қазір ашушаң.Құрбыларынан естідім.Бір нәрсе мазалайтын сияқты.Енді ана тапсырмаған емтиханды қайтадан жлдамамен тапсырады кейін-деп Аймекен Мұхтарға қарады. -Иә,сөйлесеміз.Кешіріңіз! Қыз бала ғой, не мазалайды деп те сұрау қиын.Сіз де сөйлесіп қойсаңыз жақсы болар еді-деп Мұхтар қоштасып,Аймекеннің қолын алды. -Жақсы,сөйлесем ғой.Мұхтар,кешіріңіз,сіз мені есіңізге түсірген жоқсыз ба?-деп күлімдеді Аймекен.Мұхтар есіктен қайта Аймекенге қарай қадам жасады. -Жоқ,таныспыз ба?-деп таңғалысын жасырмады. -Иә,етене таныс емеспіз әрине.Осыдан он шақты жыл бұрын біз поезда бірге келгенбіз.Бір купеде.Мен ол кезде мектеп бітіріп,оқуға тапсыруға келе жатқанмын.Ұмытқан боларсыз.Қасымызда бір әже болды. -Кешіріңіз,есімде жоқ.Ойлану керек-деп Мұхтар күлімдеді. -Әрине,көп уақыт өтті ғой,сау болыңыз!-деп қоштасты Аймекен.Кабинеттен шыға бере Жазираны көрді.Екеуі сыртқа шықты.Ойында Аймекен айтқан жаңалық.Есіне түсіре алмай қиналып келеді. «Он шақты жыл...поезд...әже..жас қыз...Жоқ,есімде жоқ!»-деген оймен темекісін шығарып ,тұтата бастады. «Қызық екен.Сонша жыл өтсе де мені есіне сақтап қалған.Он жыл бұрын ..мен университетте оқыдым.Студентпін.Жақсы.Түспеді еске..»-деп ойын басқа жаққа бұрды.Жол бойы Мұхтар Жазирадан не болғанын сұрады.Бірақ Жазира жұмған аузын ашпады. Үйге келгесін де өз бөлмесіне кіріп алып,ешкіммен сөйлескісі келмей жатып қалған. -Дана,мына қызға не болып жүр.Ұрсысып қалдыңдар ма?-деген сұрағына әйелі де қабағын түйе қалды. -Тәртібі жоқ қыз екен мүлдем.Үлкен ғой деп сыйлау жоқ.Қақшаң-қақшаң етеді.Қашанғы артын жинаймын.Қолы бар,добалдай қыз,жинап жүрсін артын.Өте салақ.жатыр әне киімдері бөлмесінде шашылып.. -Енді,түсініссеңдерші...жайлап,ұрыспай айтпайсың ба?-деп Мұхтар Данага қабағын түйді. -Шаршадым,жайлап та айттым.Қатты айтып едім,мынау ғой,үйге келмей қойғаны...Тезірек бітіріп кетсе екен. -Ол менің қарындасым.Осы үйде қанша тұрамын десе де өзі біледі.Түсіндің бе? -Ойбүй,түсіндік! Тұра берсін қырыққа келгенше ендеше-деп Дана қолын бір сілтеді. Сол сәтте бөлмесінен Жазира шығып,сөзге киліге кетті.Кетемін онсызда..Тұрмаймын сендермен. -Қорқыттың,тұрма!-деп жұлқынды жеңгесі. -Болды, қойыңдар!-деп Мұхтар айқайлап жіберді. -Осы үйден кетіп көр! Аямаймын! Аяғынды сындырып,қолыңа беремін!Түсіндің бе?Артыңды жинап жүр!Қыз емессің бе? -Иә,мен жаманмын.Әйелің жақсы!-деп Жазира бөлмесінің есігін сарт еткізіп жауып жіберді. Айкай басылып,Тыныштык орнады.Мұхтардың есінен манағы куратор Аймекен кетпеді.Темекісін алып,аулаға шықты.Біраз ойланып отырды.Аймекен..поезд...әже...Бір сәтте Мұхтардың есіне еміс-еміс бірдеңелер түсе бастады. «Аймекен...Ая! Оһ,бұл Ая ғой!»деп орнынан ұшып түрегелді.Мұхтар ол кезде соңғы курста еді.Практика басталып ,ол оны туған ауылынан өтуге жолдама алған.Мұхтар ауылшаруашылыгын бітіріп жатқан агроном еді.Поездға олар бір топ жігіт шулап кірген.Мұхтардың купесінің алдын азан-қазан қылган.Купеге бірінші болып кірген ажей ұрсып оларды далаға қуған.-Шық,шуламай далаға..-Әжей,кешіріңіз..досымызды шыгарып салып..қазір кетеміз.-Муха,жол болсын!-деп шуласып турғанда купеге сүйкімді бойжеткен жақындады.-Өтіп кетейінші,аға- деп қиылған қызды жігіттердің біреуі купеге кіргізді.-О,Муха,сен бақыттысың! Сулу қарындаспен барасың!-деді досы.-Жаксы жігіттер,тусейик.Жүріңдер!-деп Мұхтар достарын далаға шығуды өтінді.Мұхтар есік алдында отырып,темекісін тұтатты.Ая!Иә,мүлдем ұмытқан екен.Жол апатынан кейин басынан зақым алған. Содан ба коп нәрсе еске түспей қинаған болатын.Ол қыз періште еді..Коктен түскендей.Ақ жауындай,самал желдей,таза саф ауадай..Мұхтар қатты толқып кетті.Орнынан тұрып ауланың анау-мынау жерін шұқылаған болды.Алайда ой толқыны оған ештеңе істетпеді.Қайта барып отыра кетті.Басын ұстап біраз отырды.Мұхтар достарымен қоштасып,өз купесіне оралды.Оның орны жоғарыда болатын.Екінші жоғары тосекке бейтаныс қыз орналасты.Төмендегі әжей қызды жұмсап төсегін салдыртты.Сәлден кейиін поезда қозғалды.-Әй,балам ай,шай бар ма екен?Бас сынып барады.Сұрап келші-деп Мұхтарды жұмсады.Әжейдің қасындағы немересі жолдан қорқып отырғандай дыбысы жок.Тек әжесіне тығыла береді.Сәлден кейин олар шай ішуге отырды.-Иә,қарақтарым,қайда барасыңдар? Сөйлеп отырыңдар,жол қысқарсын-деп әжей жастарға қарады.-Әй,балам,не жейсің?-деп немересіне тағамдарды ысыра бастады.-Келіңдер,тамақ алыңдар,балалар,ұялмаңдар!Қарашы келінім мол салыпты.Сүр еттің исі купені алып кетті.Студенттің қарны тойған ба,үнемі аш жүретін Мұхтарға бұл жағдай сын болды.Ұятты қойып бір көсек етті ауызға басты.Дәмі тіл үйіреді.-Қызым-ай,сен де ал,қане!-деп әжей қыздың алдына қарай ысырды.Жас қыз да бір көсегін алып,аузына салды.-Оқисыңдар ма?-деп қойған сұрағына Мұхтар:-Иә,студентпін -деп жауап берді.-Сен ше,қызым?-Мектеп бітіремін енді,әжей-деді қыз.-Есімің кім?-Аймекен.-Есімің әдемі екен.Сенің ше?-деп Мұхтарға қарады.-Мұхтар-деп жігіт жымиды.-Ее,ұлы адамның есімін алыпсың ғой,дұрыс -деп әжей шәйін әрі қарай соза ішті.Мұхтар көз алдына Аймекенді әкелді.Еліктің лағындай еді ол кезде.Сондай сұлу еді.Ол бірден ғашық болған. Иә,қаншама жыл өтті.12 жыл отіпті ғой.Ол өзгеріп,есейген екен.Бірақ сол сұлулығы .Бүгін ұят болды-ау..-деп ойлады Мұхтар.Сонда ол енді Жазираның ұстазы болды ма?-деп іштей ыңғайсыздық биледі жігітті.Ол сәлден кейин үйге бет алды.Шайға шақырған келіншегіне бітүрлі жат көзқараспен қарады.Дастархан басында да ол тек ой үстінде болды.-Жазира шәй ішпей ме?-деген сұрағына Дана қабағын шытып, үндемеді.-Мұхтар,кішкене бала емес ол.Мінезін көрсетпесін.-Жақсы енді,тату болыңдар!Бір қыздың тілін таба алмайсың ба?Ертең өз қызың өскенде не істейсің?-деп Дананың жүзіне жақтырмай қарады.-Қойшы,ақылсымай!-деп қолын бір сілтеген айеліне Мұхтар аларып қарады да:-Не ,қойшы?! Не қолыңды сілтейсің! Ана қыздың тілін тап! Түсіндің бе? Жетім қызды далаға итере алмаймын.Осыдан үйден кететін болса,сен кінәлісің.-деп орнынан тұрып диванға қарай бет алды.Дана ашудан қызарып кетті.Әрі қарай сөзді өрбітпеді.Себебі куйеуінің мінезін білетін.Мұхтар түнімен дөңбекшіп шықты.Көз ілмеді.Ойы жетектеп сол поездға акеле берді.Қасында жатқан әйелінің қорылы да ұйқыны қашырды.Көзін жұмып,тарсылдаған поезд ішіне қайта кіріп кетті.Жоғарыға жайғасқан Аймекен Мұхтарға ұрлана қарады.Жігіт болса теріс қарап жата қалған.Бүл жағдай оны ұялтып жіберген.Екі төсек қатар.Жас жұбайлар құсап..Қыз жатқанша ол басын бұрмай тыныш жата берді.Аймекен болса,кітабын қолға алып,келген жерін іздей бастады.Сәлден кейиін жігіт басын бұрып,қыз жаққа қарады.Ол тезірек сөйлесіп кеткісі келді.Көзі кыздың сұлу мүсініне түсті.Қолымен басын тіреп,қырын жатыр екен.Алдында кітап.Ұзын қара шашы кеудесіне төгіліп,қыз көркін аша түскендей.Ол да көзін жігітке қарай бір төңкеріп өтті.Аппақ жүзінде жалғыз ғана мең бар екен.Көзінің тұсында.Шиедей еріндерін әлсін-әлсін тістеп-тістеп қояды.-Қандай кітап оқып жатырсың?-деп Мұхтар батылдана сөз бастады.-Шыңғыс Айтыматов.Аймекен Мұхтарға ұрлана қарады.Бір сәт көздері кездесіп қалып,екеуі де ыңғайсызданып,көздерін ала қашты.-Қай жерде оқисыз?-деп қыз үнсіздікті бұзды.-Ауылшаруашылығы..-Сен қайда оқымақшысың?-Мұғалім болғым келеді.Олардың әңгімесі жараса бастады.Түні жарымға дейин ұйықтамады.Мұхтар өткенді ойлап жатып, қалғып кетті.Ертеңгі күні де оның ойынан Аймекен шықпады.Ойға кетіп,оны Дана да байқады.-Не болды саған ауырып жүрген жоқсын ба?-Жоқ, жай..-деп қысқа қайырды.-Жұмыста тыныштык па?-деген әйеліне:-Тыныштық ,уайымдама бари дұрыс.-Онда неге көңіл-күйің жоқ.бір ой мазалайтын сияқты ғой-деген сөзін естімеген болып Мұхтар отыра берді.Аймекен де Мұхтарды көргелі ой жетегінде жүрді."Ол мені ұмытып қалған мүлде.Ал мен оны күтіп едім.Менің алғашқы махаббатым еді-деп бір мұңайып алған.-Жазира,кураторың туралы сұрайын деп едім-деп Мұхтар қарындасын шақырды.-Аймекен апай ма?-Иә,маған телефон нөмірін берші.-Неге? Не болды?Мен туралы ма?-Иә,сені сұрап хабарласып тұрамын.-деп сылтауратты ағасы.Бір-екі күннен кейін Мұхтар Аймекенге телефон соқты.-Ая,салем!-Салем!Аймекен Мұхтар екенін бірден білді.-Ая,кездессек қайтеді.Рұксат па?-Әрине,Мұхтар!Ертеңіне Мұхтар қарындасының колледжіне ұрланып кірді.Қарындасы көріп қояр деген үрей болды. «Басқа жерде кездесуім керек еді»-деп кеш ойлады.Кіріп екінші қабатқа көтеріліп,Аймекеннің кабинетін тапты.Есігінен сығалады.Кабинетте біраз оқытушылар отыр екен.Басын тағы сұқты.Аймекенді көзі ілді.Ол да орнынан тұрып,есікке қарай келе жатыр екен. -Сәлем,Ая!-деп қызарақтады Мұхтар. -Сәлем,Мұхтар!-деп Ая да қызара күлімдеді. -Бұл жер ыңғайсыз ғой...Сыртқа шыға алмайсың ба?-деді Мұхтар. -Онда жарты сағаттай күте тұр.Қазір шыға алмаймын.Сыртта сәл жүргенде саябақ бар.Сол жерге бара бер.Мен келемін-деп Аймекен кабинетке кіріп кетті.Мұхтар болса жан-жағына жалтаңдаумен сыртқа шықты.Ол Аймекен айтқан саябаққа барып тасалау жердегі орындыққа отырды.Темекісін шығарып,тұтатып сол жылдарды қайта еске алды. Аямен поезда ол бір тәуліктен аса болды.Станция сайын жерге түсіп,дүгіршектерді аралап,керектерін алды.Біреуінде тіпті екеуі ұзап кетіп,жүріп бара жатқан поездға жүгіріп әзер іліккен. -Бол,қолыңды бер,Ая!Тез!-деп поездға секіріп мінген Мұхтар қолын созды.-Муха,қорқам!-деп Ая әп-сәтте жүрісін жылдамдатып кеткен поездың артынан бар жан –тәнімен жүгірген.-Поезды тоқтатыңдар!Тоқтатыңдар!-деп жолаушылар айқайлап жатты.Әйтеуір Мұхтар соңғы баспалдақтан қолын соза Аяны көтере іліп алған.-Ая,қорықпа,міндің,жаным!Міндің ғой.Ая ағыл –тегіл жылап,көпке дейін өз-өзіне келе алмады.Ентігі басылмай,ауа жетпей біраз қиналып қалды.Оған қоса жолсерік айқайлап,одан бетер жылаған.Екеуі тамбурда ұзақ тұрды.-Мұхтар,рахмет саған әйтпесе мен қалар едім-деп Аймекен Мұхтарды құшақтап бетінен сүйді. -Оқасы жоқ.Мен сені тастамас едім.Поезды тоқтатар едік,-деп Мұхтар Аймекенді құшақтады. Олар купеге келгенде әжей ойбайлап қоя берді.Кішкентай немересі : -Ая,қатты қорықтық –деп қызды құшақтады. -Мен де,Ардақжан! Жүрегім аузыма тығылды.Мұхтар болмағанда мен қалатын едім.-Айналайындар –ау,бұларың не? Неге алысқа кетесіңдер! Енді түсуші болмаңдар!-деп әжей ұрысты.Түнге қарай екеуі тамбурға шықты.Оны көрген жолсерік апай: -Әй,қос ғашық,тағы не бүлдрейін деп тұрсыңдар! –деп бір қарап кетті. -Аймекен,тыңдашы,мен саған ғашық болып қалдым...Мен сені сүйемін!-деп Мұхтар Аяның көздеріне тура қарады. -Мұхтар...мен де...-деп Ая жігіттің төсіне басын қойды. -Бірге болайық,Ая!Мен оқу бітіремін биыл.Екеуміз үйленеміз.-Жоқ.мен әлі он сегізге толған жоқпын ғой.Сосын менің оқуым керек.Маған рұқсат бермейді.Күтесің бе,мені?Муха! -Күтемін.Оқы,сосын сырттай оқырсың.Мен сені өз ауылыма алып кетемін.-Жақсы ,онда. Ойымен арпалысып отырып,Мұхтар қасына Аймекеннің қалай келгенін байқамай қалған.Ол да келіп орындыққа отыра кетті.Жан-жағына қарап қояды.-Ая!Аймекен!Кешірші мен сені танымай қалдым..-деп Мұхтар сәл жымиды. -Ал мен сені бірден таныдым.Кіріп келгеннен.Сен мені танып тұр ғой деп ойладым.Бірақ мүмкін ұмытқан болар..көп жыл өтті ғой деп те ойладым. -Мәселе жылдарда емес.Мен көлік апатына түскенмін содан есімді жоғалттым.Жарты жылдай қиналдым.Артынан жаймен бәрі еске түсті.Бірақ сені ұмытып қалыппын.Әлі кейде ескі таныстарды көріп,қастарынан танымай өтіп кетемін.Ренжіп жатады.Бәріне бірдей жағдайыңды айтып тұрмайсың ғой.Кеше де мен сені әзер есіме түсірдім.Бір күн ойланып.. -Солай ма?Ал мен сені күтіп әлк болғанмын.Мен сені ұзақ күттім,Муха!-деп қыз жымиды. -Муха,ия менің бала кездегі атым ғой.Қалайсың өзің,тұрмыстасың ба?Балаларың бар ма?Мұғалім болыпсың ғой. -Иә,армандарымнан орындалғаны әзірге осы...-деп Аймекен ойлана күрсінді. -Өзің ше?Отбасың бар шығар? -Иә,әйелім,бір қызым бар Нұргүл деген.Қарындасым бізбен тұрады.Анамыз қайтыс болған.Жазира еркелеу өсті.Маған аманаттап кеткен. -Иә,Жазира жаман қыз емес.Мінезді,бір беткей.Көңіл-күйдің адамы.Мен сені неге жоғалып кетті десем,ауыр жағдай болған екен ғой.Онда әрине, кешірімді.Мен сені іздеген де болдым.Бірақ тегіңді де білмейді екем.Қысқасы ,мен сені ұмыта алмай біраз қиналдым.Көз алдыма көлбеңдей беретінсің. Екеуміздің қоштасу сәтімізді түсімде көретінмін.Иә,қайта көрісудің мұншама ұзақ болатынын сол кезде білсек қой,-деп Аймекен Мұхтарға сұқтана қарады. -Иә..болашағын кім болжапты?Мен саған үйленемін деп шешкен болатынмын.Әйтсе де,тағдыр өз дегенін жасайды екен.Екеуі біраз үнсіз отырды.-Неге күйеуге шықпадың?-деп Мұхтар Аймекенге ұрлана қарады.-Сол...сені күткен болармын...-деп Аймекен көзін қысты.-Ешкімді кездестірмедің бе?-Жоқ,болды ғой...Көңілім қаламады ешкімді.Суйген журекке әмір журе ме.-Жассын ғой,әлі табылады ғой.Сен нешедесің?-29-ға келемін.Олар көп отырмады.Қоштасып,хабарласып тұратын болып шешті.Сол күннен бастап екеуінен де маза кеткен еді.. Мұхтар жатса тұрса ойлайтыны Аймекен болды.Аймекен де Мұхтарды ойлап,жұмыс жасай алмай қиналды.Арада біраз күн өтті.Мұхтар Аймекенді көп ойлайтын болды.Қарындасы Жазирадан сабағын сылтауратып,кураторын да сұрады бір күні. -Жазира,сабағың қалай?Сабағыңа барып жүрсің бе? -Жақсы,иә,барып жүрімін. -Кураторың қалай?Жақсы адам сияқты ғой. -Аймекен апай ма?Жақсы.Адамды түсінуге тырысып тұрады.Үнемі мені жақтап жүреді. -Аа,дұрыс!-деп Мұхтардың көңілі көтеріліп қалды.Бірақ танитынын айта алмады.Қалай айтсын... -Мұхтар,тамаққа –деп шақырған келіншегі Дананың дауысы оның ойын бөліп жіберді.Ол ас үйге келді.Дана асын алдына қойды. -Әке,маған ойыншық әкелем деп едің ғой?-деді алты жасар қызы Нұргүл. -Иә,ертең әкеліп беремін,-деп тамаққа кірісті. -Мұхтар,Жазира менімен сөйлеспейді,тамаққа шақырсам келмейді.Мінезінен шаршадым осы қыздың. -Сен әйел емессің бе,тілін тапсайшы,-деп Мұхтар Данаға ашулана қарады. -Үлкен басыммен мен одан кешірім сұрамаймын.Ал өзінің кешірім сұрамақ түгілі,мінезін көрсетіп...-дей бергенде Мұхтар қасығын тәрелкіге тарс еткізді. -Жазира,мында кел! Тез ,жылдам!Бол дедім ғой,мен саған.-Не болды,мен тамақ ішкім келіп тұрған жоқ,-деп Жазира ас үйге сөйлей кірді. -Менің көзімше араларыңды ашып алыңдар!Не болды? -Ештеңе.. -Ал сен де ештеңе дейсің бе?-деп әйеліне қарады. -Айналайын,мен сенің артыңнан жинай беретін служанкаң емеспін.Ертең сен де бір үйге келін болып барасың.Сонда түсінесің.. -Жинама менің артымды.Өзім-ақ жинап аламын. -Он күннен кейін бе? Араларына Мұхтар килікті.Неге сен сонша салақсың,Жазира?Жинап жүруге болады ғой. -Жақсы,мен тұрмаймын бұл үйде.Мен жатаханаға шығамын.Әйелің менің ішкен-жегенімді көре алмайды.Беретін ақшам жоқ.Оқуымды төлеп жатырсың..Ана жолы құрбысына мені жамандап отырғанын естіп қалдым.Мен артықпын аға бұл үйде.Одан да маған Аймекен апаймен сөйлесіп жатаханадан орын алып берші.Аз қалды ғой бітіремін де кетемін.Жанна апаға барамын.Ол мені шақырған.Жанна олардың анасының сіңілісі еді. -Сөзді қой,ешқайда кетпейсің!Ал сенімен мен жеке сөйлесем,-деп Мұхтар әйеліне қолын шошайтты.-Шошайтпа маған қолыңды!Неге шошайтасың! Маған не істе дейсің.Мына шолжаң қыздың табанын жалайын ба?Тәртіп бермегенсіңдер!Үлкеннің бетінен алады.Барса барсын.Тұрсын!Қорқытты мені,кетем деп...-дей бергенде Мұхтар үстелді тарс еткізді. -Сен неге оны құрбыларыңа жамандайсың?-деп Дананың білегінен шап берді.Өзіңде де қыз өсіп келеді.Ойландың ба соны?Не істейсің енді үй жинамай.Сенің бұл келіндік ,одан бетер өз үйің емес пе?Саған байланысты ғой осы үйдің тірлігі,а? -Тұра ма,адам құсап тұрсын!-деп Дана айқайлай бастады. -Жетім қызды далаға қуа алмаймын.Тұрасың осы үйде .Оқуыңды бітіресің. -Онда мен тұрмаймын,-деді Дана ызаланып. -Тұрмасаң есік ашық,-деп әйеліне қарады. Айқай- шудан қызы Нұргүл шошып анасына тығылды. Мұхтар тұрып,далаға шығып кетті.Екеуінің бір үйге сыймасын түсінді. Үйге кіріп,жатын бөлмеде жылап отырған Дананың қасына келді. -Данаш,ақылың бар ғой.Ренжімеші.Түсінісіңдерші.Қанша күн болды.Үлкендігіңді көрсетіп,барып бетінен сүйе қой.Достасыңдар.Оқуын бітірсін сосын көрерміз.Дана үндемеді. Дана Мұхтардан үш жасы кіші еді.Екеуі осыдан сегіз жыл бұрын үйленген болатын.Мұхтар Дананы алып қашып келген.Өзінің келісімімен.Бірер жыл арада бала болмай жүрді.Сосын қызы дүниеге келген.Талдырмаш сүйкімді қыздан,салиқалы,салмақ жинаған келіншекке айналған еді.Дана қызғаншақ әйел болатын.Жолдастарының әйелдерінен Мұхтарды қызғанатын.Қонаққа барудың аяғы ұрыс-керіспен аяқталатын.Билеп қойдың,қарап қойдың,ол саған қарады...Ал керісінше, Мұхтар Дананы мүлдем қызғанбайтын.Бір апта өткесін Мұхтар Аймекенге телефон сокты.-Ая,кездессек қайтеді,а?-Жаксы-деді қыз.Олар саябақта тағы кездесті.-Неге шакырдың?-деді Аймекен.-Көргім келді.-Неге ?-Сағынған боларым .Қаншама жыл көрмедім.-Иә,сағыныш ..бар менде де.-Рас па?-деді Мұхтар күлімдеп.-Рас!-деді Аймекен Ойлы көзін Мұхтарға тігіп.-Неге? Махаббатымыз баянсыз болды екен.-Иә,.мен де соны ойлап..ұйқым қашты..Өткен күндерді қайтарғым келеді,Ая!-Кеш қой,Муха!Бәрі кеш..Қазір түс сиякты.Мен мені көргенде,түсім бе деп ойладым.-Ал мен танымадым,кешір..Есіме түсіргеніме қуанамын.Олар кездесе бастады.Аймекен ісінің дурыс емес екенін тусінсе де,суйген журегіне әлі келмеді.Олар кун санап бір-біріне бауыр баса бастады.Жиі кездесудің салдарын Дана да сезе бастады.Қазір келем- деп куйеуі жумыстан кешігетін болды.Өзіне салқындығын сезіне бастады.Бір куни Мұхтар душ қабылдап жатқанда телефонына да үңілді.Ешқандай күдік таппады.Тек куратор деген нөмірді қайта-қайта қарап,Жазираның кураторы екенін есіне түсірді.Куйеуінің бойында өзгеріс бар екенін анык сезетін Мұхтардың .Аймекенмен кездесіп жүргеніне екі айдың жүзі болған еді .-Жазира,қалайсың?-деп қасына құрбысы келе қалды.-Жазок,біздің Ая апайдың жігіті бар екен.Кеше саябактан коріп қалдым.-О,жақсы болған екен.Сулу ма жігіті?-Иә,көрікті.-Ая апай үшін қуаныштымын.Жақсы адам ғой.-Иә,жасы да отызға кеп қалды ғой.Жігіті өзінен үлкен сияқты.-Той болады десейши..-Жеңгеңмен достастың ба?-деген Сая құрбысына Жазира қолын бір сілтеді.-Жоқ.тұрғым да келмейді.Ағам үшін жүрмін.-Куратормен сөйлесіп,жатаханадан орын сұрауым керек.Сабақтан кейін Жазира Аймекенге келді.-Апай,сөйлесейін деп едім.-Иә,тындап тұрмын-деп Аймекен Жазираны коріп ыңғайсызданып қалды.Ол жүзін жан -жақа бұрып, қызға тура қарамады.-Апай,мен жатаханада тұрғым келеді.Алуға көмектесіңізші.-Жаксы ,қарастырайын-деп Аймекен тез алға қарай жүре берді.Жазира апайының біртүрлі екенін байқады.Ғашық екен ғой деген ойына келді.Соңғы сабағын әзер өткізген Аймекен үйіне асықты.Өйткені бүгін кешке Мухасы келу керек.Базарға барып үлгеруі керек.Тағам дайындауға да уақыт керек.Мұхтар жұмыстан кейін келмекші еді.Кешке Мұхтар Аймекеннің есігін қақты.Есікті гүлдей құлпырған Аймекен ашты.Сол түні Мұхтар Аяның үйіне қонып қалды.Түні бойы көз ілмеген Дана құтырып кете жаздады.Себебі, куйеуінің телефоны өшірулі болды.Үйге Жазира да қонбаған еді.-Ая,қоштасқанымыз есіңде ме?-деді Мұхтар.-Иә,есімде-деп Аймекен Мұхтарды құшақтады.Сен бірінші түскенсің.Бір айдан кейін келмек болғансың..Ал өмір өз дегенін істетеді екен.Бір ай-он жылға созылды ғой...Сені есіме алғанда,бір кездесермін деген ой кетпейтін басымнмн.Ақыры кездестін кун туды.-Иә,өмір қызық қой.Айырды,енді өзі қайта табыстырды.-Бүгін Жазира жатаханага тұрғысы келетінін айтты.-Иә,Данамен сыймай қырық-пышақ болады.шаршадым он кун болды! Бірақ жатахана алып беруші бол ма?Түсіндің бе?-Жақсы.-Сен енді колледжге келме,Жазира біліп қояр.Саябақ та да бәрі көреді.Студентерім әсіресе..Таңертең үйге оралған Мұхтарды айелнің айқайы күтіп тұр еді.-Қайда болдың?-Шаруаң не?-Қалай сонда?-Шаруам болмасын ба?-деп Дана түсін өзгертті.-Шаруаларым болды.Жігіттермен отырып қалыппын.-деп ақталган болды Мұхтар.-Сен қатынмен болып келдің,солай ма?-деп Дана қолын шошайтты.-Жоқ..-Иә,дәл солай..-деп айелі жылауын бастады.Мұхтар үндемей таңғы шайын өзі қойды.Аймекен жалғыз тұратын.Ата-анасы ұлының қолында еді.Бір бөлмелі пәтері бар .Әкесі: ".. қызымның өз алдына отуы болсын"- деп алып берген екен жуықта.Азаматы да табылар деген үміттері болса керек.Аймекен кәсібін жақсы көретін.Басының бостығы оның жұмысқа көңіл бөлуіне мол мүмкіншілік беретін.Колледждағы бар қоғамдық жүмыс осы қыздың мойнында еді.Үздік мұғалім,сыйақы,мақтау қағаздары,шетелге де шығып келген.Қысқасы колледждың бетке ұстар мұғалімі болатын.Бірінші кіріп,соңынан кілттеп шығатын да осы Аймекен еді.Анасы: «Қызым,жұмыс,жұмыс деп,өз қара басыңды ұмыттың ғой,-деп талай есіне салды ғой.Міне,енді менің өміріме бала махаббатым оралды.Нағыз махаббатым –деп ойлады ол. «Нағыз махаббатыңның отбасы ,бала-шағасы бар ғой,ақмақ,-деп жақын құрбысы Зәуре келіспеген.Есін жиуын өтінген.Бірақ Аймекен ештеңе естігісі келмеді. -Ол менікі.Егер амнезия болмағанда ол маған үйленетін еді.Ол мені сүйді.Біз қоштасқаннан кейін ол бір айдан кейін келемін деген.Қанша жыл мен оны есімнен шығара алмадым.Жоқ!Енді ол менікі болады.Ештеңе тыңдағым келмейді,-деп құрбысына ұрсып тастаған.Оның күні –түні ойлайтыны МҰхтары болды.Жұмыс жайына қала бастады.Басшылар да бұны байқады.Бір күні директор шақырып: -Аймекен,саған не болып жүр..Жұмыс тұрып қалды ғой мүлдем.. -Кешіріңіз ағай,иә,соңғы кезде шаршаңқырап жүрмін. -Қолға ал,жұмысыңа мұқият бол!Бұны саған айтып тұрғаным ұят енді.Сен маған ақыл айтатынсың,-деген едіАрада тағы бір-екі ай өтті.Мұхтар Аймекенге баруды тоқтатпады.Ол да ескі махаббаттан есі кеткен еді.Үй,әйелі,баласы оған енді тек кедергі еді.Ол Жазирамен де аса сөйлесуді қойды.Үйге келсе үндемейді,ойы басқа жақта.Үй шаруасы ,аула-қора-қопсықта жүретін Мұхтар енді оның бәрін тастап,өзіне қарайтынды шығарды.Мұның бәрі аса байқалмаса да Дана әбден сезігіне көзі жеткен болатын.Ол да ешкімге айта алмай іштен тына бастады.Ол енді күйеуін аңдымақшы болды.Таңертең әдеттегідей Мұхтар жиналып жұмысына кетті.Ол ауыл шаруа шылығымен айналысатын компаниялардың бірінде жасайтын.Жиі далалыққа іссапармен шығып та келетін.Дана кешкісін жұмысының алдына бармақшы болды.Жұмыс аяқталар шамасында Дана қарама-қарсы көшенің қиылысында тұрды.Көп күткен жоқ.Қасында бір жолдасы бар Мұхтар жұмыстан шықты.Біршама жүргесін,жолдары айырылып,күйеуі аялдамаға келді.Көріп қалар деген оймен Дана шегіншектей берді.Сол сәтте автобуста келді.Мұхтар көлікке отырып кетті.Дана жалма-жан автобустың нөмірін қарады.Ол үйге апарат автобус емес еді.Телефон нөмірін терді.-Мұхтар,мен ғой,үйге келе жатырсың ба? -Жоқ,бүгін жұмыс көп отыра тұрамын.Сағат тоғыздарда барармын. Дананың ішінде алай-дүлей боран басталып кетті.Ол ең жаман сөздерімен күйеуін қарғады. Мұхтар болса сүйгенінің үйіне келді.Қолында гүлі,торты.-Жаным,мен тәтті алдым.Шәй ішейік,-деп есіктен кіре осы үйдің иесіндей сезіне сөйледі.-Иә,жаным,қойдым шәйіңді,- деп Ая еркелеп мойнына асыла кетті. Уйге Мұхтар түнгі он шамасында келді -Қайда болдың,-деді Дана үйдің есігін аша:-Қайда болушы едім,жұмыста.Жоқ сен жұмыстан алтыда шықтың ғой.-деді Дана күйеуінің жүзіне тура қарап-Кім айтты?-деп қызарып кетті. Неге қызардың?-деген әйеліне ол:-Данагүл,сен не мені аңдып жүрсің бе? -Жоқ, онда неге?-Есі дұрыс жүрт алтыда шығады дегенім ғой,-деп Дана ас үйге бет алды.-Тамағыңды іш.-Жоқ,ішпеймін ,тәбетім жоқ.Мұхтар шешініп,киімін ауыстырып,теледидардың алдына отырды.Нұргүл қызы жүгіріп келді.-Қалайсың,құлыным?-Жақсы, әке!-деп Нұргүл әкесін құшақтады.-Жазира қайда?Бөлмесінде ме?-деп сұрады қызынан.-Иә,сабағын оқып жатыр. Мұхтар шалғайдағы әке шаңырағын сатып,қала сыртынан үй алған болатын.Ол кезде марқұм анасы әлі тірі еді.Жағдайлары орташа еді.Аға дегеннен жалғыз әкесінің ағасынан туған ағасы бар еді.Апалары бар.Бәрі жан-жақта тұратын.Жұмыс өзіне ұнайтын ,жалақысы да жақсы.Қарындасының оқуын да төлеп отыр. Әрине,бәріне бірдей қайдан жетсін.Дананың жұмыс істеуін өзі қаламаған.«Жазираның оқуы аяқталса,кредит алып,мәшине аламын»-деп жүрген.Көлік апатынан кейін отырмаған болатын.Жалпы Аясын кездестірмей тұрғанда ол өз өміріне көңілі толатын.Қарапайым,шаруа,қолынан іс келетін жігіт болатын.Данаға да ұнатып қосылған.Дана бидай өңді,дөңгелек көзді,пісте мұрын,сүйкімді келіншек.Тек өте ашуланшақ,шыдамсыз еді.Мұхтар болса,салмақты,көп сөйлемейтін,сыры ішінде жүретін жан еді.Ақтарылып,ашылып сөйлеу оған жат еді.Тек кейде жүз граммдатқанда болмаса.Аймекенді кездестіріп Мұхтар әрине,өзгерген еді.Алғашқы махаббат оты бойын қайта шарпыған.Ол өзін Аймекеннің қасында жақсы сезінетін.Үйдің күйбің тірлігі,жауапкершілік,ақшаның жетіспеушілігі,үнемі Дананың сұраныстары мен талаптары жалықтыратын.Аймекен болса ауқатты отбасынан шыққан кенже қыз еді.Әкесінің нотариялды конторы,ағасының жиһаз жасайтын фирмасы бар.Бұл жер оған жұмақтай көрінген.Аймекеннің алғашқы сыйлығы да ерекше қымбат еді.Айфон телефоны болатын.Ол телефонды Мұхтар ұстай алмағасын жұмыстағы сейфке салған.Енді "Аймекен шетелге қыдырып келейік"- дегенді айтып жүр.-Мұхтар,сенің біреуің бар ма?-деді Дана жаймен. -Не деп тұрсың,біреуі несі?-деп Мұхтар Данаға жалт қарады. -Сеземін,Мұхтар өзің айтсаңшы,мен түсінуге тырысайын-деді Дана -Қайдағыны айтпай отыр.Басымды қатырма!-деп сөйлесуден қашқақтап үйден далаға шығып кетті. Дана ызадан булығып,көзіне жас келді.Не істеймін рас болса? Кім екен ол?Мен оны тауып сойлесуім керек? Кетіп қалса қайтпекпін?Осы сұрақтар Дананың санасын жаулай бастады. Аймекеннің жігіті бар екенін колледжі түгел біліп болды.Студент қыздар ашық сұрайтын болды.Аймекен бар екенін жасырмады.Жазира апайының ғашық болып жүргенін оның бұрынғыдай білекті сыбанып жұмысқа кірісіп жүрмегенінен байқайтын.Жиналыс жасауды да қойды. -Да...Ая апай мықтап ғашық болған екен.Кеше байқап қалдым мәшинесіне бір еркекті мінгізіп алыпты.Сол шығар ..-деді Жансұлу Жазираға. -Кімді мінгізсе де өзі біледі.Шаруаларың не?-деп қыздардың бетін қайырып тастаған. Бір күні түн ортасында Дана қуғы толып оянып кетті.Қасында жатқан Мұхтардың жоқ екенін байқады.Бөлмесінен шығып,түзге шықпақ болды.Дәлізге шыға бере ол күйеуінің дауысын естіді. -Жаным,Ая!Мені де түсін.Менің отбасым бар.Оны қоя тұрайық.Кейін көрерміз,-дегенді естіп қалды. «Аясы несі,бұның...ааа,барып жүрген әйелі екен ғой»-деп түйді.Ештеңе естімеген адамдай ол : -Неге ұйықтамай отырсың?-деп терезе алдында тұрған күйеуіне жақындады.Ол сасып қалды.Үндеместен жатын бөлмеге кіріп кетті. Көңілдесінің Ая екенін білген Дана «..енді телефонын алсам «-деп ойлады. Күн жексенбі болатын.Таңғы шайда Дана : -Мұхтар,қыздарды қыдыртып келейік,а?Нұргүл көптен ешқайда шықпады.Ойын алаңына апарайық.Сұрап жүр,-деп Мұхтардың жоспарларын бұзғысы келді. -Апарсақ апарайық,-деп күйеуі тез келісе кетті.Дана іштей қуанып қалды.Күйеуінің өзгергенінен бері Данада да өзгеріс пайда болған еді.Ол Мұхтардан айырылып қаламын деген қорқыныш бойын билеп алған еді.Жазираға да жылылық таныта бастады.Бөлмесін жинап,қасына барып,түсінісуге тырысқан.Бірден айқайлай кетуін де қойған.Бұрын түске дейін теледидар,түстен кейін телефон болса,енді оның бәрін тастаған.Аула жұмысын да істеп,үйді айтпағанда сыртты да айнадай қылатын болған.Мұхтардың қас-қабағына қарап,кешіксе де бұрынғыдай тергемейтін болды.Бұл өзгерісті Жазира да байқап,ол да біртіндеп араласа бастады.Дананың ендігі ойы Ая деген кім екенін білу еді.Сосын барып ,сөйлесу еді. «Отбасым бұзылмаса екен.Мен Мұхтарды жанымдай жақсы көремін ғой,бәрін кешіремін.Екінші баламыз болса мүмкін ...»-деп ойлап қоятын. Олар бәрі қалаға келді.Бой жазып,дүкен аралап,ұзақ қыдырды.Бәрінің көңілі көтерілді. -Көптен бәріміз шықпап едік.Керемет болды ғой,Жазира?-деп Дана қайын сіңілісін өмірінде бірінші рет құшағына алды. -Иә,күшті болып қалдым.Рахмет!»-деп Данаға жылы жүзбен қарады. -Сен маған ренжімеші,Жазок!-деп қасына жақындап отыра кетті. -Жоқ,ренжімеймін..-деп Жазира да күлімдеді. -Мен өзгергім келеді.Мен бәріміз бақытты болсақ екен деп армандаймын.Қазіргі күйіме көңілім толмай жүр,-деп Жазираға қарады. -Түсінбедім ,неге?-деді Жазира -Жо-жоқ бәрі жақсы...-жай одан да жақсы болсын дегенім ғой-деп Дана сөзін аяқтамастан тұрып кетті.Жазира жеңгесінің өзгеріп жүргеніне таң қалды.Бірақ қуанды.Тек мұның бәрін түсінбей,есі Аяда болып жүрген Мұхтар болатын. Дана Жазира екеуі тіл табысып,сырласатын да болды.Бір сондай әңгіменің арасында Жазира «кураторымыз Ая апай»-деп қалды.Неге екені белгісіз Дана кенет біртүрлі болып кетті.Ол Ая деген есімді Мұхтардың аузынан естігенін есіне түсірді. «Қызық екен,қой, қайдағыны ойлап кеттім ғой,»-деп ойын басқа жаққа бұрды.Кенет тағы да ойланып қалды.Енді куратор деген сөз есіне түсті.Мұхтардың телефонында жазулы тұрғанын есіне түсірді.Өз ойынан өзі шошып кетті. «Қой,қайдағыны ойлаймын мен осы..»-деп өз-өзін жазғырды.Бірақ неге екені белгісіз,Дананы осы ой мазалай бастады.Бір кеште ол Жазираға тағы жақындап: -Жазок,не пісірсем екен,а?Мұхтар келгенде дұрыс тағам күтіп тұрса деп едім. -Күріш пісірші,сенің күрішіңнен артық ештеңе жоқ.Айтпақшы, осы ағам кеш келетін болған,а?Жұмысы көбейген- ау шамасы,солай ма?-деп жеңгесіне қарады. -Білмеймін ,солай болар..-деді жеңгесі. -Жазок,сабағың қалай?Кураторыңның көңілінен шығып жүрсің бе?-деді сөз арасында. -Иә,жақсы,-деді Жазира. -Қандай қыз өзі,отбасы бар ма? -Ая апайдың ба?Жоқ.Бірақ соңғы кезде бір жігітпен жүріп жүрген сияқты.Бәрі шулап жүр ғой. -Аа,жақсы екен.Жалғыз қиын ғой,-деген жеңгесіне: -Оның жағдайы жақсы .Үйі бар.мәшинесі бар.Енді күйеу керек,-деп күлді. -Ммм,-деп Дана да өтірік жымиды да орнына тұрып, ас үйге бет алды. Дана түнімен көз ілмеді. Бүгін күйеуінен бөлек қызының қасына жатқан.Ол «Жазираның шаруасымен барып жүргенде танысып кеткен ғой»-деп ойлады.Сол Аяны көру Данаға енді мақсат болды. Ойлай ойлай ол ертеңіне Жазираның қасына тағы келді.Ендігі ойы қайын сіңілісінің телефонынан Аяның нөмірін алу еді.Сосын күйеуіндегі нөмірмен салыстыру. -Жазок,телефоныңдағы суреттеріңді көруге бола ма? Құпия болмаса.. -Ааа,е,жоқ ,көре бер-деп Жазира телефонын берді.Дана суреттерді қарап отырып,телефон нөмірлерін қарай бастады.Тапты.Жаттады. -Куйеу бала бар ма,мынаның ішінде?-деп қулығын асырды. -Жоқ,жігіт деген қазір проблема,дефицит-деп Жазира жымиды. Жанына телефонын тастамайтын Мұхтардан Аяның нөмірін қарау қиынға соқты.Бірер күннен кейін ғана Дана дегеніне жетті.Ая ,сол Ая болып шықты.Қанша телефон соғайын деп оқталса да Дана Аяға хабарласа алмады.Ары мен ұяты жібермеді.Дананың бір асыл қасиеті болатын ол арлы еді.Оны кезінде Мұхтар да бағалаған.Ол ойлай-ойлай бір шешімге келді.Өзінің көзі әбден жетпейінше ешқандай іс-әрекет жасамауға бел байлады. -Муха,жаз келіп қалды.Шетелге шығып келейік,-деді Ая. -Жоқ,ол қалай болады.Мен қайда кеттім деймін отбасыма,Ая?-деп Мұхтар күмәнданды. -Мұным енді шеттен шыққандық болар,жаным..Шетеліңе өзің барып келсейші. -Мұхтар ,екеуміз кездескенімізге жарты жылдан асты.Бұлай қашанғы жүреміз.Қосылмаймыз ба? Мен сенің осы үйде тұрғаныңды қалаймын. -Ая,менің отбасым бар ғой.Балам бар.Оларды қалай тастап кетемін.Ештеңені өзгертпей-ақ қоялық,-деп Аяның бетінен сүйді. -Жоқ,Муха!Сен менікісің!Сен мені сүйдің! –деп Мұхтарды қатты қысып,құшақтап,жібермей тұрып алды.Мен сені сүйемін.Саған күйеуге шыққым келеді.Саған бала туып беремін.Ұл.Сен де ұл жоқ қой.Тастамашы мені.Мен қанша жыл сені күттім. -Жақсы көрерміз,-деп Мұхтар қыз құшағынан босап,кетуге бет алды. -Мен кетейін.Кеш болды.Үйге жеткенше де. -Мен апарып тастаймын ғой,-деп Ая бірге тұрды.Олар көліктеріне мініп,қала сыртына жол тартты. Үйге жақындағанда Мұхтар: -Осы жерден тоқтат.Мен әрі қарай өзім жетем.Біреу-міреу көріп қалар,-деп өтінді.Ол қызбен қоштасып,түсіп қалды.Ая,болса артынан сәл жүріп,үйін көрді.Мұхтардың жағдайы оған ұнамады.Ескілеу үйі қызда ешқандай сезім тудырмаған еді.Жол бойы ол құрбысымен сөйлесіп,жағдайды баяндаған еді. -Мұхтарды үйіне апарып тастадым.Жағдайы онша емес екен.Бірақ маған оның жағдайы керегі жоқ.Мен оны сүйемін.Ол мендік болуы тиіс.Жағдайын мен өзім жасап беремін. -Отбасынан айырғаның дұрыс па?Басқасы табылар..Осылай жүре бермеспіз.Жібер жөніне,-деген құрбысына Ая ұрсып тастаған.Мұхтар үйге кіре бір өзгеріс барын енді байқаған еді.Аула айнадай.Көктем келіп,жер кепкен кез болатын.Өз ауласын өзі танымады.Қара көлеңке болып кетсе де тазалықты ол бірден байқады.Шашылып жататын заттардың бәрі орнында болғандықтан,басы артық ештеңе көрінбейді.Ол тіпті шеттеу тұрған сарайға да басын сұқты.Айнадай таза.Уйге кірді.Қанша кіріп-шығып жүрген аяқ киім шешетін кіреберістің мұнтаздай жинақы ,таза тұрғанын байқады. -Дана,қалайсыңдар,үйге қонақ келді ме?-деп кірген күйеуін Дана күлімдей қарсы алды. -Жоқ,уборка жасағанмын,-деп Мұхтардың бетінен сүйді.Мұхтар үйді көзімен бір сүзіп,жатын бөлмеге кіріп кетті.Ішінен «бұл қатынға не болған»-деп қойды. -Тамаққа ,Мұхтар!-деп ас үйден шыққан әйелінің дауысын естіді.Қолын жуып,ашболмаса да ас үйге барды.Жайнаған үстел үстінде қызы,қарындасы,әйелі отыр екен.Бұл көрініс те Мұхтарды таңғалтты.Жоқ,бұл күнделікті көрініс болатын.Бірақ бүгінгі де бір өзгешелік бар еді. -О,жайнатып жіберіпсің ғой,Данаш,-деп үстел басына отыра кетті. Дана күйеуінен көптен бері естіп отырған жылы сөзі болатын.Іштей қуанып қалды.Олар шүйіркелесіп тамақ ішті. Бірақ Дана қанша өзгеруге тырысса да Мұхтар өзгергісі келмеді.Ол үнемі Аймекенге баруды тоқтатпады.Дана бұны қалай тоқтатарын білмеді. -Жазок,осы мен толықпын а? -Сәл бар толықтық.Екеуміз кешке жақын жүгірсек қайтеді.Ауыл сыртында. -Жеңеше,шоты сен өзгергін келіп жүр ғой,-деп Жазира жымиды. Дана үй шаруасынан арықтап,салонға барып шашын қидырып,қол-аяғын түзетіп сүййкімді келіншекке айналды. Жазғы сессия басталған шақ еді.Жазира сені куратор шақырып жатыр дегесін,Ая апайдың кабинетіне жүгірді.Жазира топта мәдени шараларға жауап беретін.Екеуі бір жобаны талқылап отырып,Ая апайы Жазираның отбасы туралы сұрай бастады. -Жазира,жағдайың қалай?Үйде бәрі дұрыс па?Сен осы менен жатахана сұрап жүр едің ғой.Алып берейін бе? -Жоқ,рахмет!Аллаға шүкір,қазір жеңгеммен жақсымын.Бір-бірімізді түсінісіп кеттік.Ол қатты өзгерді.Оған қарап мен өзгердім.Тек өзгермей жүрген ағам енді. -Неге ол өзгеруі керек еді?-деп жалмажан Ая сұрақ қойды. -Отбасында бір адам ғана өзгермеу керек ,бәрінің бір-біріне қарап өзгеруі керек.Сонда бір-бірін жақсы түсінетін болады.-О,сен психологсың ғой,жаным! –деп Ая апайы күлімдеді.Алайда,оған бұл әңгіме ұнамай қалған еді. Мұхтарды Аймекен бір жағына шығуын өтіне бастады.Келген сайын осы мәселені көтеретін болды. -Жаным,мен мұндайға шешіле алмаспын. -Онда мен сенімен несіне уақыт оздырамын,Мұхтар! Біз-бірімізді сүйеміз ғой.Әлде сен сүймейсің бе? Үйдегілермен де таныстырғым келеді сені.Бізде бәрі керемет болады.Мына үйді екі бөлмеге үлкейтеміз.Мәшине аламызсаған.Ешкімнен кем болмаймыз.Артық болмасақ.Жоқ,сен мені сүймейсің!Онда неге... -Сүйемін.Жақсы мен ойланайын.Мұхтар үйден кетуге шешті.Ол Данамен кешке сойлеспек болды.-Дана ,сөйлесейін деп едім. Қалай бастарын білмей Мұхтар қипақтай бастады. -Иә,тыңдап тұрмын,-деп Дана күйеуінің қасына барып отырды. -Дана,мен ...мен..басқа адамды кездестірдім.Мен үйден кетемін.Бәрін саған тастаймын.Ештеңе керегі жоқ.Көмектесіп тұрамын.Дана есегіреп ,ештеңе түсіндей,көз алды тұманданып бара жатты.Бір мезгілде еңіреп қоя берді. -Не істеп жүрсің?Мұхтар?Қай шайтан сені адал жолыңнан адастырған? Ұятың қайда?Ел-жұртқа не айтамыз,соны ойладың ба? Арсыз! Мына қарындасың мен қызыңнан ұялмайсың ба?-деп Дана айқайлай бастады..Келесі бөлмеден Жазира мен Нұргүл жүгіріп келді. -Не болды,тыныштық па?-деген Дана одан бері дауыстап жылады. -Болды,Дана!Қой енді!Қызыңды шошытасың!-деп Мұхтар дауыстады. -Не болды?Айтсаңыздаршы?-деп Жазира жеңгесінің қасына келіп құшақтады. -Жазок,мына ағаң бізді тастап жатыр! -Тастағаны несі? Аға,не болды? -Басқа әйелге кетпекші,оой,енді не істеймін мен!-деп бетін басып бүктетіліп қалды. Жазира ағасына қарады. -Рас па,аға?-деген сұрағына жауап берместен Мұхтар үйден шығып кетті. -Жеңеше,не боп кетті? Түк түінбедім,-деп ол да қосыла жылай бастады.Дана есін жиып Жазираға бәрін айтып берді.Жазира есінен тануға шаққа отырды. -Ая апай...қандай мыстан,а?Мен ертең оның быт-шытын шығарамын.Ұятсыз!Студентке қандай тәрбие беріп жүр ол сонда.Тымпиып алып,мен оны үлгі етіп жүрсем өзіме.Уының бәрі ішінде екен ғой.Сұр жылан! -Жазок,шу шығарма.Керегі жоқ.Абыройымыз түседі. -Қалай ,жүр ертең оның шашын жұлайық!-деп Жазира атып тұрып ағасының артынан сыртқа шықты.Далада темекісін бұрқыратып,күйзеліп тұрған ағасына: -Аға мұның не?Есіңнен ауыстың ба?Әлде әзілің бе? -Сен араласпа,Жазира! -Қалай,араласпаймын сонда...қалай?-деп жылап жіберді. -Сен сонда Ая апаймен ...Сонда оның жігіті сен бе?О,тоба! Мұхтар қарындасын қасына отырғызып,бәрін айтқан болды.Жазира мұндай сұмдықты түсінгісі де келмеді.Дана уаймдағаны сондай төсек тартып жатып қалды.Жазира жедел жәрдем де шақырды. Ертеңіне Жазира сабаққа бармай жеңгесінің қасында болды.Өз-өзіне қол жұмсар деген ойынын қорып,үнемі қасында болды.Жеңгесі екеуі болған оқиғаны талдап,одан шығу жолдарын айтты. -Жазок,не істеймін мен!Мен оны жанымдай жақсы көремін ғой. -Ертең мен сабаққа барып келейін,Ана сұр жыланды көптің көзінше масқара етемін. -Жоқ,олай істеме.Керегі жоқ.Оның алдына сен де ,мен де бармаймын.Мәселе ол қызда емес.Мәселе ағаңда болып тұр ғой.Мен де кінәлімін.Одан да жібермеуге тырысайық.Екеулеп,Ол бұл үйден шықса,енді оралмайды.Бірақ ертеңіне Жазира шыдай алмайкураторыныңкабинетінен бір шықты.Есікті ашып ішіне үңілді.Аймекен тағы бір екі мұғалім отыр екен.Аймекен бірден түсініп,орнынан ұшып тұрып,есікке қарай жүрді. -Жазира...-дей бергенде қыз апайының бетінен шапалақпен шарт еткізді. -Ұятсыз! Мынауың масқара ғой! Ұстаз деген сөзден садаға кет!-деп бұрылып алып,жүре берді.Бір сәт кілт тоқтады да ,артына қарады. -Ағамды отбасынан айыратын болсаң,бүкіл колледжға қарабет етемін.Аймекен есін жинай алмай тұрып қалды. Мұхтар кешкісін үйге келмеді.Дана телефон соғып еді,өшірулі екен. Келесі күні де келмеді.Дана үшін бұл күндер азапқа айналды.Ол екі күн ұйқтамады.Төсектен де тұрмай жатып алды. Үшінші күні кешкісін есік алдына машина тоқтағандай дыбыс шықты. -Ағам келді,-деді Жазира. Мұхтар заттарын алуға келген екен.Үйге кіріп,үндеместен киімдерін шығара бастады.Мұны көрген Дана орнынан тұрып,күйеуінің жанына келді. -Мұхтар,кетпеші,өтінемін.Ертең өкінетін боласың ісіңе.Кетсең қайтып келме,онда!-деп еңіреп жылай күйеуіне жабыса кетті. -Кетпеші,Мұхтар!Құлың болайын! -Дана,қойшы,көметесіп тұрамын.Мен сені сүймеймін мүлде-деп әйелінің қолын өзнен итере бастады.Шамаданын жинап,кетуге айналды. -Әке ,кетпеші!-деп шыңғырды қызы.Дана қайта жабысты.Кетіп бара жатқан күйеуінің аяғана жығылды.Бір аяғына өзі ,бір аяғына қызы жармасты.Мұны көріп тұрған Жазира еңіреп қоя берді.Ол да кетпеуін өтінді.Бірақ Мұхтар алған бетінен қайтпай үйден шығып жүре берді.Жазира артынан жүгірді.Сыртта ауланың алдында Аймекен тұрғанын көрді.Шыдай алмай Дана да жүгіріп шығып,Аймекенді ол да көрді.Көрді де кейін шегінді.Жадырап жаз келді.Мұхтар мен Аймекен теңізге дем алуға кетті.Аймекеннің ата-анасы Мұхтарға машина сыйлады.Дана болса жұмысқа шықты.Жазира жазғы сессиясын тапсырып,ол да қала кафелерінің бірінде даяшы болып қызмет істеді. -Жазок,соттан хат келді.Мұхтар айрылысқысы келеді. -Бер рұқсатыңды.Енді несіне ұстаймыз ол арсызды,-деп Жазира ақылын қосты. Бүкіл ағайын-туған,дос-жаран бұл жаңалықты естіп,талқылай бастады.Дананың елге қарауға беті болмады.Колледжда Аймекеннің моральдық тәртібін бәрі білді.Аймекен де өсекке қалды.Көп әріптестері теріс айналды.Аймекен колледжден кетіп тынды. Дана қиын күндерді басынан кешіре бастады.Ақшасыздық,шарасыздық,өмірге деген қызығушылығының бәсеңдеуі,кейде тіпті мүлде болмауы,келіншекті депрессияға түсірді.Үнемі ой үстінде жүретін болды.Қатты жүдеп кетті.Қасына тіреу болған жалғыз Жазира еді.Кішкентай қызы да бәрін түсінгендей әкесін сұрамайтын болды. -Жазок,рахмет саған.Сен болмасаң не істер едім?Ренжіткен күндерім үшін кешірім сұраймын. -Мен де,жеңеше..-деп екеуі қосылып кешқұрым ұзақ сырласатын болды. -Жазира,мен кеше түс көрдім.Түсімде үйге ағаң келіпті деймін.Мен алдынан жүгіріп шығып,төрлет деп жатырмын.Оянып кеттім. -Сағыныштан болар..-деп Жазира бір күрсінді.Ол да ағасының осындай сатқындыққа барғанын түсінбей-ақ қойды.Кеткеніне үшінші ай болса да, Мұхтар қызына бір тиын бермеді.Ол тіпті бұларды ұмытып кеткендей еді.Шетелдегі демалыстан кейін,үйін үлкейтті,машина мінді.Өміріне дән риза еді. Енді той жасамақ болып,шапқылап жүрген.Дана заңды айырылысуға рұқсатын берген болатын. Жаңбырлы күздің бір түнінде Мұхтар жол апатына түсті.Ауруханаға ес-түссіз түскен Мұхтарды ота жасауға дайындады.Аймекен мен оның үй –іші бұл жағдайды Данаға хабарламады.Мұхтар аурухана керуетіне,ұзақ жеті айға таңылды.Денесінің бүкіл сүйектері сынған Мұхтардың орнынан тұру-тұрмауы да белгісіз еді.Басына іс түскенде Аймекен өзін басқа қырынан көрсетті.Ол бір күні Мұхтарға мүлдем келуді қойды.Тек Аймекеннің анасы ғана жиі-жиі келіп,қалін сұрап тұрды. -Ая қайда?-деген сұраққа анасы неше түрлі сылтау айтып жүрді.Ақыр соңында оның келгісі жоқ екенін жеткізді.-Айналайын,қызымның бақытты болғанын қалап едім.Бірақ сенің жатысың мынау...Ол болса,сенен қашып келмей жүр.Өз қызым болса да ...ісіне қарным ашады.Кешір айналайын.. Әйеліңе хабар берейік.Мүмкін қасыңа келер,-деді Аяның анасы. -Жоқ,керегі жоқ!-деп Мұхтар көзін жүмып,басын қабырғаға бұрды. -Ая келіп кетсінші,сөйлесейін деп едім.Көп ұстамаймын-деді Мұхтар. Ертеңіне Ая келді.Мұхтар басын көтеріп,оның келгеніне балаша қуанды. -Аяжан,қалайсың?Не болды?Неге келмей жүрсің? -Мұхтар,ренжімеші ,бізге бірге болудың енді қажеті жоқ. -Неге?Не болды,енді керегім болмай қалды ма?Әрине,саған енді жұмыссыз,мүгедектің керегі жоқ қой.Сүйген жүрегің қайда сонда?-деп айқайлай бастады.Ая орнынан тұрып,қоштаспастан палатадан шығып,кете барды.Мұхтарды дәрігерлер әзер тыныштандырды.Мұхтар дәрігерлердің еміне көнбей өлгісі келді.Тамақтан мүлдем бас тартты.Өз қолымен өз отбасын ойран еткенін енді түсінді.Қалі нашарлап,жүдеп,қу сүйегі қалды.Оның осындай жағдайда жатқанын Мұхтардың жұмыстасы Данаға келіп айтты.Дана бір сәт ойланбастан ауруханаға жүгірді. Палатаға кіріп келіп ол денесін түгел гипстеп тастаған Мұхтарды көрді.Шүңірейіп тек көзі қалған күйеуін әзер таныды. -Мұхтар!-деп Дана күйеуін құшақтай алды. -Не болды саған,жаным-ау..-деп еңіреп жылап қоя берді. -Данаш,осындай күйге түстім.Неге келдің?Кет!-деп теріс қарады. -Мұхтар,жалғызым,сүйіктім! Мен ешқайда кетпеймін.Сені аяғыңа тұрғызамын. -Жоқ, кет!Маған тек өлім келсін!-деп еңкілдеп жылап қоя берді. Жеті айдан кейін Мұхтар ауруханадан өз үйіне оралды.Дана даналығын көрсетті.Ол күйеуін ажалдан құтқарып қалды.Нағыз сүйген жүрек -Данагүлдің жүрегі екенін Мұхтар түсінген еді. Соңы




Comments


© 2023 by The Mountain Man. Proudly created with Wi

bottom of page